Тринуклеотидтік қайталымдары бар гендердің mRNA-мен miRNA-ның СDS -те байланысуының болжамы

Авторлар

  • A. M. Belkozhayev
  • R. E. Niyazova
  • A. T. Ivashchenko

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-2-1422

Аңдатпа

Адамның ауруларында және физиологиясында miRNA - ның фунуциясы кеңейе түсуде, дегенмен әсіресе нуклеотидтік қайталымдардың бұзылысы miRNA негізіндегі реттеуші құрылымның көпшілігі анықталмаған болып қалады. Нуклеотидті қайталану бұзылыстарының кеңеюі емделмейтін және ақырында өлімге әкеліп соғатын, басым көпшілігі тұқым қуалайтын неврологиялық аурулардың тобын құрайды. Сондықтан нуклеотидті қайталанатын аурулардың кандидат гендерін және қандай деңгейде miRNA-мен өзара әрекеттесе алатындығын анықтау қажет. Осыған байланысты MirTarget бағдарламасының көмегімен нуклеотидті қайталанатын 102 кандидатты гендердің  mRNA- мен 2567 miRNA- дың өзара әрекеттесу нәтижелері көрсетілді. Нуклеотидтік қайталымдары бар 102 кандидат гендердің 36 гендерінің mRNA - мен miRNA - ның CDS - те байланысуы анықталды. Нуклеотидтік қайталымдары бар гендердің mRNA-мен жоғарғы энергияда байланысатын  5  miRNA – лар таңдап алынды: miR-3656 (ARX, EP400, HTT, NCOR2); miR-3960 (ARX, CACNA1I, HTT); miR-1322 (ATN, EP400, GIGYF2, HTT, NCOR2); miR-1281 (CACNA1I, HRC, HTT); miR-4279 (CACNA1I, NCOR2). miRNA – лардың байланысатын аймақтары негізінен CAG, GCG, GAG қайталанатын аумақтарда орналасқаны анықталды. Неврологиялық бұзылыстар CAG, GCG, GAG қайталану санының артуымен, әдетте кодтау аймақтарында басқа да байланыссыз белоктардың пайда болуымен байланысты. miRNA - дың және гендердің өзара әрекеттесу ерекшеліктерін жақсы түсіну тринуклеотидтік қайталанатын бұзылулардың патогендік жолдарымен танысуға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: miRNA, mRNA, кодталатын тізбек, байланысатын сайт, тринуклеотидті қайталым.

Жарияланды

2019-09-14

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3 > >>