miRNA-дың миокард инфарктісі және жүректің ишемиялық ауруы кандидатты гендерінің mRNA-дың 5'UTR, CDS және 3'UTR-мен өзара әрекетінің сипаттамалары

Авторлар

  • D. Baizhigitova
  • Sh. A. Atambayeva
  • R. E. Niyazova
  • A. T. Ivashchenko Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-3-1340

Аңдатпа

Миокард инфарктісі және жүректің ишемиялық ауруларына себеп болатын кандидатты гендері экспрессиясын реттеудегі miRNA қатысуын зерттеу - осы ауралардың жаңа инвазивті емес диагностикаларын жасауға жаңа тиімді әдістерін әзірлеуге ықпал етеді. MirTarget программасын қолдану арқылы miRNA мен mRNA-ның бір-бірімен байланысу сипаттамаларын анықтау барысында келесідей нәтижелер алынды. Миокард инфарктісінің дамуына қатысатын 183 ген, олардың ішіндегі 35 ген 5'UTR-дегі 51 miRNAs-мен байланыста болды, 53 ген CDS-тегі 94 miRNA-мен және 37 ген 3'UTR-дегі  50 miRNAs-мен байланыста болды. 24 ген 5'UTR-дегі тек қана бір miRNA-мен байланысты, 36 ген CDS-те, 24 ген 3'UTR-де. Миокард инфарктісіне қатысатын қалған mRNA ген екі не одан көп miRNA-мен байланыста болды. miRNAs-мен бақыланатын тоғыз ген 5'UTR-де, 21 ген CDS-те, 15 ген 3'UTR-де байланыс құрайды. Осылардың ішінде байланысу сайттарының көбісі CDS-те байқалды. Ең көп CXCR2 және FAIM2 гендерінің mRNA-ларының байланысу сайттары 3'UTR-те болды. Тек мына үш гендерінің байланысу сайттары барлық аімақтарда болды: AP3D1, GATA2, SEMA3F. PDED4 гендері 13 miRNA-мен реттеледі, miRNA-ның mRNA-мен байланысу  энергиясы 144кДж/моль тең, ILF3, GATA2 гендері бес және үш  miRNA-мен реттеліп отырады, miRNA-ның мРНК-мен байланысу  энергиясы 138 кДж/моль;  TGFBR1 және AP3D1 гендері алты мен бес miRNA-мен реттеліп отырады, miRNA-ның mRNA-мен байланысу энергиясы 136 кДж/моль және   140 кДж/моль-ге тең.  174 ген жүректің ишемиялық ауруының дамуына қатысады, 34 ген 5'UTR-де 43 miRNA-мен, 55 ген CDS-те  90 miRNA-мен және 3 ген 3'UTR-де 53 miRNA-мен байланысы бар екені анықталды. Оның ішінде 23 ген 5'UTR дегі тек қана бір miRNA-мен байланыста болса, 34 ген CDS-те, 19 ген 3'UTR-де байланысты. Жүректің ишемиялық ауруының дамуына қатысатын mRNA гендер екі немесе одан да көп  miRNA-мен байланыс түзейтін болып шықты. miRNA-мен бақыланатын сегіз ген 5'UTR-де, 20 ген CDS-те, 15 ген 3'UTR-де байланыс құрайды. Ең көп байланысу сайттары 5'UTR-де THRA гені, CDS-те SMARCA4 гені және  3'UTR-де LDLR гендерінің mRNA-ларында болды. Тек екі кандидатты гендерінің барлық аймақтарда байланысу сайттары болды: CTCF, F2RL3. Жүректің ишемиялық ауруына кандидатты гендер SMARCA4, TGFB1 және DOCK7 жеті, бес және екі miRNA-мен реттеліп отырады, miRNA-ның mRNA-мен  байланысу энергиясы 140 кДж/моль және   138 кДж/моль-ге тең. Гендердің арасында тек қана бір субтипке жататын гендер болады: миокард инфарктісі - ADRB1, ILF3, GATA2, TGFBR1, AP3D1; ишемиялық жүрек ауруы - SMARCA4, DOCK7, CELSR2, TRIB. Барлық жоғарыда көрсетілген miRNA-лар mRNA-мен ассоциациялары миокард инфарктісі мен жүректің ишемиялық ауруының перспективті маркерлері болып қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: miRNA, mRNA, миокард инфарктісі, ишемиялық жүрек ауруы, кандидатты гендер.

Жарияланды

2018-11-17

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3 > >>