Өңеш және асқазанның қатерлі ісігінің кандидатты гендердің mRNA-ның 5'UTR, CDS және 3'UTR-де miRNA-дың өзара әсерлесуі

Авторлар

  • A. N. Akimniyazova
  • R. E. Niyazova
  • Sh. A. Atambayeva
  • A. T. Ivashchenko Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-3-1339

Аңдатпа

miRNA кішімолекулалы, кодтамайтын RNA класын көрсетеді, олар гендердің экспрессиясын реттейді және барлық белгілі физиологиялық және патологиялық процестермен, әсіресе қатерлі ісікпен байланысты. Көптеген гендердің экспрессиясы miRNAның mRNAмен байланысуымен реттеледі, сондықтан өңеш және асқазан қатерлі ісігінің  кандидаты гендерін және олардың miRNAмен өзара әсерлесуінің дәрежесін анықтау қажет. Өңеш пен асқазанның қатерлі ісігі дамуына қатысатын гендердің miRNAмен маңызды байланысу сайттар анықтау үшін MirTarget бағдарламасы қолданылды. Жұмыста өңеш пен асқазанның қатерлі ісігі дамуына қатысатын miRNA мен 121 гендердің mRNA өзара байланысу ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Өңеш қатерлі ісігінің дамуына қатысатын 68 кандидаттық гендерден 54 гендер miRNA нысаналары болып келеді. 148 miRNA-дар үшін 5'UTR, CDS және 3'UTR байланысу сайттар бар және байланысудың бос энергиясы (ΔG) -126 kJ/mole, -121 kJ/mole және -111 kJ/mole тең, тиісінше. Өңештің қатерлі ісігін диагностикалау үшін, mRNA мен miRNA-дың 20 ассоциациялары ұсынылады, олардың байланысуының бос энергиясы -125 kJ/mole жоғары. Асқазанның қатерлі ісігінің дамуына қатысатын 106 кандидаттық гендерден 86 гендер miRNA нысаналары болып келеді. 253 miRNA 5'UTR, CDS және 3'UTR байланысу сайттары бар және байланысудың орташа бос энергиясы -124 kJ/mole, -116 kJ/mole және -110 kJ/mole тең, тиісінше. Асқазанның қатерлі ісігін диагностикасы үшін mRNA мен miRNA-дың 28 ассоциациялары ұсынылады, олардың байланысуының бос энергиясы -125 kJ/mole жоғары. Екі немесе одан да көп miRNA байланыстыру сайттар қамтитын көптеген гендердің mRNA-дары өздерінің нуклеотидті тізбектерінің қабаттасуымен кластерлерді құрайды. Алынған нәтижелер негізінде miRNA мен кандидатты гендердің mRNA-дың ассоциациялар топтары өңеш пен асқазанның қатерлі ісігінің алдын ала диагностикалау әдістерін дамыту үшін ұсынылады. 3071 miRNA-ның бұрын белгісіз 768 байланыстыру сайттары анықталды, олар өнеш және асқазан қатерлі ісігінің дамуына жауапты гендер реттеуінің басты шарты болуы мүмкін.

 Түйін сөздер: mRNA, miRNA, гендер, онкологиялық аурулар, өнештің қатерлі ісігі, асқазанның қатерлі ісігі.

Жарияланды

2018-11-17

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3 > >>