Атеросклероз дамуымен байланысты microRNA және гендер
Кілт сөздер:
miRNA, mRNA, байланысу сайттары, нысана-гендер, атеросклеороз.Аңдатпа
Атеросклероздың дамуына қатысатын 212 гендер және 39 микроРНК бойынша мәліметтер базалары құрастырылған. miR-103a-3p ADAMTS7 геннің mRNAда ΔG/ΔGm 90% жоғары байланысу сайты анықталған. 39 miRNAдар үшін 118 байланысу сайттар табылған, ΔG/ΔGm 90%-дан 100%-ға дейін. IRS2 геннің mRNAда 17 miRNAдар үшін байланысу сайттар бар. LMNA, MTHFR, F11R, LDLR гендердің mRNAдағы байланысу сайттардың саны 14, 11, 10 және 9. miR-619-5p және miR-5096 ADAM17 мен IL18 гендер mRNAда толық комплементарлы байланысу сайттар бар. miR-619-5p үшін 11 гендердің mRNAда байланысу сайттары бар. miR-466 үшін бес геннің mRNA көптік байланысу сайттар бар. miR-1322 үшін PDE4D және RTN3 гендер mRNAда көптік байланысу сайттар бар, ал miR-574-5p PPARA геннің mRNAда көптік сайттармен байланысады. IL18, IL10, LDLR, BRCA1, F11R гендердің mRNAда miRNAдың байланысу сайттары үшін ΔG/ΔGm 98 – 100% тең. CDKN1C, SIRT1, TGFB1, APH1B гендердің mRNAнда байланысу энергиясы 127 – 136 kJ/mole тең байланысу сайттары бар. CDKN1C геннің mRNA CDSте miR-762 үшін 35 байланысу сайттар бар.








