Жануарлардың мырыш тұздарымен уланғанан кейінгі қан мен лимфадағы биохимиялық өзгерістерін анықтау

Авторлар

  • S. N. Abdreshov ҚР БҒМ ҒК Адам және жануарлар физиологиясы институты, Қазақстан, Алматы
  • G. K. Atanbaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • S. T. Tuleuhanov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • M. Dоlkyn әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • F. K. Ragipova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • A. O. Ziadayeva Алматы технологиялық университеті, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b17
        185 107

Аннотация

Бұл мақалада мырыш сульфатының әсері кезінде егеуқұйрықтар лимфасындағы клеткалық және биохимиялық көрсеткіштері зерттелінген. Мырыш тұздарымен улану кезіндегі гемоглобин концентрациясының 12,61%-ға артуы, салыстырмалы түрдегі эритроцитоз және созылмалы гипоксияның дамуының көрінісі болатындығы анықталған. Егеуқұйрықтарды мырыш тұздарымен уландырудан кейiн олaрдың лимфaлaрындa осмостық қысымның жоғaрлауы байқалады, сонымен бірге лимфaдaғы жaлпы белок мөлшері 19%-ға төмендеуі байқалады. Сондай-ақ мырыш тұздары лимфадағы, онымен тасымалданатын ақуыздардың, лимфа түйіндерінің, бауырдың, ішек қабырғасының протеолиздік белсенділігін төмендетеді. Уланудан кейін жалпы белок мөлшері 32,03%.-ға төмендеуі, қан және лимфа айналу жүйесіне белоктык тасымалданудың төмендеуі жайлы, сонымен бірге лимфа тамрлары мен түйіндерінің жиырылу белсенділігінің төмендеуі жайлы ақпарат береді.

Биoхимиялық зерттеулердiң нәтижесiнде лимфаның клеткалық және биoхимиялық көрсеткiштерiнiң өзгерiстерге ұшырaйтындығы aнықтaлды, әрі жекелеген мүшелерде жинақталып және біртұтас організм қызметтерінде ауқымды өзгерістер тудырадтындығы анықталды. Улану кезінде сілтілі фасфотаза мөлшерi 22-65%-ғa дейін жоғарлағаны, сонымен бірге аминотрансфераза ферментерінің деңгейінің aртқaндығы бaйқaлды, мұның бaрлығы бaуыр қызметiнiң бұзылып, бaуырдың цитoлoгиялық үдерiстерінің күшейгенiн, белoк синтезiнiң төмендегенiн бiлдiредi және зат алмасудың тасмалдануының бұзылғандығын көрсетедi. Егеуқұйрықтaрды мырыш тұздарымен уландырудан кейiн мойын және шaжырқaй лимфa түйiндерiнiң көлемдерi ұлғaйғaндығы байқалады. Лимфa тaмырлaрындaғы лимфa aрнaсының баяулағаны бaйқaлды, уландудан кейін 21,2%-ға төмендеді. Алынған мәліметтер мырыш тұздарының организмге кері әсері туралы кешенді мәліметтерді қалыптастыруға мүмкіндік берді және шешудің ғылыми негізі бола алады.

Кілт сөздер: гемоглобин, егеуқұйрықтар, лимфа, лимфа ағысы, мырыш сульфаты,  эритроцит.

Библиографиялық сілтемелер

1. Abdreshov S.N. Demchenko G.A. Influence of cadmium chloride and enterosorbent on lymphodynamics and composition of lymph // News of the National Academy of Sciences of Kazakhstan, ser. biol. and med., - 2004, pp. 27-32.
2. Abdreshov S.N. Ecological human physiology. Tutorial. - Almaty, “Economy”, - 2009, -224 p.
3. Tuleukhanov S.T., Baktybaeva L.K., Svambaev E.A., Gumarova L.Zh. Immune indices of peripheral blood of rats and bone marrow of mice when intoxicated with salts of heavy metals // IV Congress of CIS countries fortifiers. Moscow State Institute of Steel and Alloys (Technological University) March 28 - 30, 2007. Collection of materials. Vol. 1, pp. 229–231.
4. Sidarenko G.I., Mozhaev E.A. Environmental health and public health. / M .: Medicine, 1987- S. 128.
5. Dumbrava, V.A., Tsurkan, SI, Lupashko, Yu.A., Moskalu, Yu.V., Gelmich, TE Immune status indicators as a criterion for assessing the environmental situation // Perspective information technologies and problems of risk management on the threshold of a new millennium: Materials of the International Ecological Symposium. - St. Petersburg, 2000. - p. 243-246.
6. Kharkevich D.A. Pharmacology. textbook for universities. / M.: GEOTAR-MED, 2002. C. - 125–136.
7. Mazo V.K., Gmoshinsky I.V., Skalny A.V. et al. Zinc in human nutrition: physiological needs and bioavailability // Nutrition Issues, 2002. –T. 71, No. 3. -WITH. 46–51.
8. Khaitov R.M., Pinegin B.V. Immunomodulators: mechanism of action and clinical application. // Immunology, 2003. - №4, p. 196–203.
9. Stoltzfus R.J. New evidence of interplay of iron and zinc at the enterocyte and neural tissues // J. Nutr. 2004. - 134: 6 - P. 1295–8.
10. Solomons N.W., Cousins R.J. Zinc In Solomons N.W., Rosenberg I.H. (eds). Absorption and malabsorption of mineral nutrients. // Alan R Liss. New York, 2004. p. 125–197.
11. Peres JM, Bureau F., Neuville D., Arhan P., Bougle D. It depends on their ratio // J Trace Elem Med Biol, - 2001. - No. 15: 4. - R. 237–41.
12. Olivares M., Pizarro F., Ruz M. New insights about iron bioavailability inhibition by zinc // Nutrition, - 2007. - No. 23: 4. - R.292–5.
13. Olivares M., Pizarro F., Ruz M. Zinc inhibits nonheme iron bioavailability in humans // Biol Trace Elem Res. - 2007, - Vol.117, №1–3. - R. 7–14.
14. Banner K.N., Page S.P. P. Immunomodulatory actions of xanthines and isoenzyme selective phosphodiesterase inhibitors // Monaldi Arch. Chest. Dis. - 1995. –V. 50. - p. 286–292.
15. Abdreshov S.N., Satpayeva Kh.K., Akhmetbaeva N.A., Koibasova L.U. Method of correction of changes in the lymphatic system in case of poisoning with heavy metals // Sb. mes. international Symposium "Physiology and Pathology of the Lymphatic System", - Almaty, 2006, - P.17-18.
16. Cheredeev A.I. Study of spontaneous rosette-forming cells of human peripheral blood // Lab. business, 1976. - №6. - pp. 350–354.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdreshov, S. N., Atanbaeva, G. K., Tuleuhanov, S. T., Dоlkyn M., Ragipova, F. K., & Ziadayeva, A. O. (2020). Жануарлардың мырыш тұздарымен уланғанан кейінгі қан мен лимфадағы биохимиялық өзгерістерін анықтау. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 80(3), 192–200. https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b17

Шығарылым

Бөлім

ФИЗИОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА И ЖИВОТНЫХ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають

1 2 > >>