Егеуқұйрықтардың қан жасушаларына қорғасын, мырыш, кадмий тұздарының қосындысының әсерін зерттеу

Автор(и)

  • G. K. Atanbaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • R. B. Kenzhebek Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. T. Toleuhanov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. N. Аbdreshov Адам жəне жануарлар физиологиясы институты, Алматы қ., Қазақстан
  • A. A. Mautenbaev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. Daulet Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Ключові слова:

егеуқұйрықтaр, қaн, нейтрофил, ауыр металлдар, лейкограмма.

Анотація

Ауыр металдардың қосындысының артық мөлшердегі әсерінен пайда болған егеуқұйрықтардың қан жасушаларындағы өзгерістер анықталды. Зерттеу нәтижелеріміз көрсеткендей, ауыр металдар тұздарымен улану кезінде қан жасушаларының зақымдануы және жануарлар ағзасында иммунитеттің төмендегені байқалады. Соның нәтижесінде жануарлар организмінде әртүрлі өзгерістер туындайды.

Сонымен мырыш, қорғасын және кадмий иондарының қосындысының рұқсатты шектеулі концентрациясы РШК 25, 50, 75, 100 есе арттырылған мөлшерінің егеуқұйрықтардың иммундық жүйесінің сандық көрсеткіштеріне әсерін зерттеуде өткір уландыруда егеуқұйрықтар организмдегі ауыр метал тұздарының иммунодепрессивті әсері туралы мәліметтер алынды.

Жануарлар ағзасы қатты күйзеліске ұшырап, тері жабындыларының кейбір жерлерінде жергілікті түксіздену, көздерінің жасаурауы, конъюктивальді қапшық пен тістің қызыл иегінің ісінуі байқалды. Егеуқұйрықтар қанына жасалынған лейкограмма, үш тұздың қосындысымен  уланған егеуқұйрықтар қанында айтарлықтай өзгерістер көрсетті. Себебі  сүйек кемігіндегі қан жасужалардың дамуы айтарлықтай өзгерді уланғаннан кейін.

РШК 100-есе арттырылған мөлшерде үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уландыруда жануарлар ағзасында қатты улану белгілері байқалып, нәтижесінде бәрі бірден өте тез, бақылаудың 5–6 күндерінде өле бастады.

Егеуқұйрықтар қанына жасалынған лейкограмма, үштұзпен уланған егеуқұйрықтар уланған егеуқұйрықтар қанында нейтрофилез және лимфопения барысында лейкопения тіркелді. Нейтрофилдер токсикалық түйіршіктелген және ядросы гиперсегменттелген.

Завантаження

Опубліковано

2017-12-31

Номер

Розділ

ФИЗИОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА И ЖИВОТНЫХ

Як цитувати

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають

1 2 > >>