Түрлі жасанды құрама жемдермен қоректендірілген тиляпия балықтарының кейбір мүшелеріне гистологиялық зерттеу жүргізу нәтижелері

Автор(и)

  • G. B. Jumakhanova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • S. M. Shalgimbayeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • N. T. Ablayhanova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • S. B. Orazova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • B. K. Kairat әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Ключові слова:

Oreochromis niloticus, гистологиялық бағалау, құрама жемдер, желбезек жапырақшалары, желбезек эпителийінің гиперплазиясы, бұлшық ет талшықтары, гепатоциттер, бауыр дистрофиясы.

Анотація

Мақалада «Қапшағай уылдырық шашу-шабақ өсіру шаруашылығы» РМҚК (Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы) базасында өсірілетін, жасанды құрама жемдер: польшалық «Aller aqua» (бақылау тобы), «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жасалған құрама жем және «Қарағанды» жемдерімен (тәжірибе тобы) қоректендірілген тиляпия (Oreochromis niloticus) балықтарының жас шабақтарының кейбір мүшелеріне гистологиялық тұрғыдан баға берілген. Кез-келген жануарды өсіру барысында өнімнің шығымын жоғарылатудың бір негізі оны рационалды азықтандыру болып табылады, ол тиімділігі жоғары құрама жемдерді тәжірибеде қолдануға негізделген. Балық шаруашылығының кез-келген түрі жемдерді қолдануды талап етеді. Балық шаруашылықтарында орын алған қазіргі жағдайда балықтың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жем түрін дұрыс таңдай білу маңызды. Жүргізілген гистологиялық және гистохимиялық зерттеулер нәтижесінде «Қапшағай уылдырық шашу-шабақ өсіру шаруашылығы» РМҚК (Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы) базасында өсірілген тиляпия балықтарының рационында ҚазҚӨТӨ ҒЗИ және «Қарағанды» құрама жемдерін қолдану барысында балықтардың желбезек жапырақшаларының бұзылуы, эритроциттердің гемолизі, желбезек жапырақшаларының эпителиалды клеткаларының десквамациясы, респираторлық клеткалардың некрозы, шырышты клеткалар санының артуы мен гиперплазиясы, бұлшық еттерінде бұлшық ет талшықтарының құрылымының өзгеруі және некроз, ал бауыр ұлпаларында бауырдың майлы дистрофиясы мен некрозы сияқты түрлі деңгейдегі өзгерістер анықталды. Балықтардың организміне үш түрлі сынамалы құрама жемдердің әсерін салыстырмалы зерттеу бақылау құрама жемімен («Aller aqua») салыстырғанда тәжірибелік ҚазҚӨТӨ ҒЗИ мен «Қарағанды» құрама жемдерін балық рационында қолдану барысында патологиялық процестер айқын көрінеді. Яғни, польшалық «Aller aqua» құрама жемімен қоректендірілген балықтардың патологиялық процестерге ұшырау жиілігі отандық жемдермен салыстырғанда төмен.

Завантаження

Як цитувати

Түрлі жасанды құрама жемдермен қоректендірілген тиляпия балықтарының кейбір мүшелеріне гистологиялық зерттеу жүргізу нәтижелері. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 66(1), 164-171. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1171

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають

<< < 1 2 3 4 > >>