Тәжірибелік созылмалы қабыну кезіндегі миелоидық супрессорлық жасушалар

Автор(и)

  • N. Abdolla М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Қазақстан республикасы, Алматы қ.
  • Yu. V. Perfilyeva М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Қазақстан республикасы, Алматы қ.
  • Ye. O. Ostapchuk М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Қазақстан республикасы, Алматы қ.
  • I. A. Oskolchenko М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Қазақстан республикасы, Алматы қ.
  • V. K. Krasnoshtanov Кардиoлогия және ішік аурулар ғылыми-зерттеу институты, Казақстан Республикасы, Алматы қ.
  • E. A. Severova Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • N. M. Pominova Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • Yu. D. Denisov Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • N. N. Belyaev М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Қазақстан республикасы, Алматы қ.

Ключові слова:

Созылмалы қабыну, MDSC, ағынды цитометрия, эрлих ісігі, адъювант артрит

Анотація

Миелоидты супрессорлық жасушалар (MDSC) тышқандарда CD11b және Gr-1 жасушалық маркерлерінің экспрессиясы бойынша анықталған, цитотоксикалық Т-лимфоциттер мен NK-жасушалардың ісікке қарсы белсенділіктерін төмендетуге қабілетті, миеломоноцитарлық бағыттағы ( нейтрофилдер және моноциттер) гемопоэтикалық бастапқы өзіндік гетерогенді популяция. Біз MDSC феноменін ісік процессінде бірегей болмайды, қайта оның алдында болатын және онкогенезді белгілі деңгейде белсендендіретін созылмалы қабыну патогенезімен байланысты деп жорамалдаймыз. Жұмыстың мақсаты болып созылмалы қабынудың өзіндік классикалық моделі тышқандарындағы адъювант артриттің даму динамикасындағы MDSC субпопуляциясын цитофлуориметриялық зерттеу. Негізгі әдіс ретінде, СВА линиялы тышқандардағы Gr-1+CD11b MDSC деңгейінің жоғарлаумен жақсы арақатынаста болатын тері асты Эрлих ісігінің өсіу моделінде бекітілген MDSC-ді фенотипикалық бағалауға жарамды ағынды цитометрия әдісі қолданылды. Біз толық адъювант Фрейндпен әсер етілген, CD-1 линиялы тышқандардың артқы аяқтарындағы созылмалы қабынудың дамуының 2- аптасының соңына қарай, көкбаурындағы екі MDSC фракцияларының (M және G ) екі еседен көп жоғарлауы болатынын және ол 4-аптаның соңына дейін сақталатынын анықтадық. Бұдан басқа әртүрлі зерттеу мерзімінде CD184, CD195 және CD62L молекулаларын экспрессиялайтын CD11b+Gr-1+ жасушалар үлесі айтарлықтай жоғарлағаны белгілі болды. Бұл қабыну процесіне MDSC қатысатынын және олардың қабыну ошағына осы молекулалар көмегімен жылжитынын көрсетеді.

Завантаження

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають