ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ФЛОРАСЫНДАҒЫ ҚЫНАЛАР МЕН МҮКТЕРДІҢ ТАРАЛУЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb20251051Кілттік сөздер:
Флористика, биоиндикация, Candelaria, Xanthoria, Physcia, Parmelia, Polycauliona Vulpicida, Tortula muralis, Bryum argenteumАннотация
Шымкент қаласында жүргізілген флористикалық зерттеулер нәтижесінде, қыналар мен мүктердің түрлік құрамы ылғалды аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда шектеулі екені анықталды. Бұл жағдай жергілікті климаттың құрғақтылығы және урбанизацияның артуымен тығыз байланысты. Қыналар мен мүктердің нақты түрлерін анықтап, олардың таралу ерекшеліктерін зерттеу үшін арнайы ботаникалық зерттеулер жүргізу қатжет. Аталған зерттеулер қыналар мен мүктердің таралу картасын жасауға және олардың экологиялық маңызын бағалауға мүмкіндіктер береді. Қаладағы урбанизация мен климаттың өзгеруі бұл өсімдіктердің популяциясына кері әсер етуде. Қыналардың таралуы сирек, көбінесе Candelaria, Xanthoria, Physcia, Parmelia, Polycauliona және Vulpicida туыстарына жататын түрлер кездеседі. Бұл қыналардың экологиялық шектеулерге өте сезімтал екендігін көрсетеді. Мүктер арасында кең таралған түрлерге Tortula muralis, Brium argenteum, Sphagmum palustre, Sphagmum fuscum, Polytrichum commune, Funaria higrometrica жатады. Ал су айдындарында Riccia fluitans, Fontinalis antipyretica кездеседі. Сонымен қатар, бұл зерттеулер экожүйенің жалпы тұрақтылығын түсінуге және қоршаған ортаны қорғау шараларын жетілдіруге ықпал етеді.








