ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ ЖӘНЕ ҚАТТЫ БИДАЙДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ӨНІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb20251056Кілттік сөздер:
жаздық жұмсақ бидай, жаздық қатты бидай, бейімделу, өнімділік, корреляция, метеожағдайлар.Аннотация
Зерттеу Қазақстан мен Ресейдің агроэкологиялық жағдайларында жаздық жұмсақ (Triticum aestivum L.) және қатты (Triticum durum Desf.) бидайдың бейімделуі мен өнімділігін салыстырмалы талдауға арналған. Жұмыстың мақсаты селекция мен өндіріс тиімділігін арттыру үшін өсірудің негізгі аймақтарындағы жағдайларға реакциясы бойынша осы дақылдар арасындағы айырмашылықтарды анықтау болды. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңызы әрбір бидайдың түрінің бейімделуінің ерекшеліктерін анықтауда, бұл оларды егіс айналымында орналастыруға және сорттық технологияларды әзірлеуге неғұрлым негізделген көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу әдістемесі төрт ғылыми мекемеде жаздық бидайды жақсарту бойынша Қазақстан-Сібір желісінің (КАСИБ) көпжылдық (2005-2024 жж.) далалық тәжірибелерінің нәтижелерін талдауға негізделген: Қарабалық ауыл шаруашылығы станциясы, Ақтөбе ауыл шаруашылығы станциясы (Қазақстан), Алтай агробиотехнологиялар ғылыми орталығы және Омбы аграрлық ғылыми орталығы(Ресей). Зерттеу нәтижесінде, жаздық жұмсақ бидай Қазақстан жағдайында қатты бидайға қарағанда жоғары өнімділікті (7-21%-ға) көрсетті, соған қарамастан қатты бидайдың биіктігі жоғарырақ және 1000 дәннің салмағы үлкенірек болды. Батыс Сібір жағдайында (Алтай өңірі) қатты бидай өнімділігі бойынша жұмсақ бидайдан қарағанда 8,6%-ға асып түсті. Екі бидай түрінде де өнімділік пен өсімдіктің биіктігі, 1000 дән салмағы арасында жоғары оң корреляция анықталды. Маусым айында және мамыр-шілде кезеңінде ауа температурасының жоғарылауына жаздық жұмсақ бидайдың сезімталдығы жоғары екендігі анықталды. Зерттеудің құндылығы екі түрлі бидайдың, бірдей жағдайда өсіріу арқылы олардың қоршаған орта факторларына тән реакциясын анықтауға мүмкіндік берген кешенді салыстырмалы талдауында. Жұмыстың практикалық маңызы-нақты агроэкологиялық жағдайлар үшін бидай түрін неғұрлым негізді таңдау мүмкіндігі және әр түрге тән селекция стратегияларын әзірлеу.








