ҚАЗАҚСТАН ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАТРИЦАЛАРЫНЫҢ БАКТЕРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb202510512Кілттік сөздер:
Salmonella spp., Staphylococcus spp., ІТТБ, биоқауіпсіздік, құс фабрикасыАннотация
Өнеркәсіптік құс шаруашылығының тұрақтылығы құс фабрикасында биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-өндірістік стратегияларды қолдануға байланысты болып табылады. Мақсаты: Қазақстандағы зерттелетін құс фабрикасындағы технологиялық матрицалардың бактериялық қауіпсіздігін бағалау. Құс фабрикасының Salmonella spp., Staphylococcus spp. және ІТТБ сияқты бактериялық қоздырғыштарға төзімділігін бағалауға арналған зерттеулер екі кезеңнен тұрды: ғылыми-өндірістік (ғимараттың қабырғалары мен едендерінен, арматуралардан, қызметкерлерден алынған жағындыларды пайдалана отырып сынама алу) және ғылыми-зертханалық (дақылдық-биохимиялық әдістерді қолдану арқылы бактериологиялық талдау жүргізу). Құс фабрикасының технологиялық матрицаларының зерттелген қоздырғыштарға төзімділігін бағалау үшін жағынды әдісімен барлық өндірістік объектілердің бетінен барлығы 955 сынама алынды, оның ішінде ғимараттардың қабырғалары мен едендерінен 336 жағынды сынамалары, 485 сынама - арматуралардан, 134 сынама - құс өсірушілердің қолдары мен арнайы киімдерінен алынды. Salmonella spp. қарсы технологиялық матрицалардың қауіпсіздігін бағалау үшін 955 сынама зерттелді, Staphylococcus spp. – 458 сынама, ІТТБ – 462 сынама зерттелді. Salmonella spp. табылмады. Staphylococcus spp. қазан айында 40 сынамадан бөлініп алынды, олардың жағындылары арматурадан (33 сынама) және ғимараттардан (7 сынама) ауыстырылатын толықтырма құстан, ал қарашада бір сынамадан жағынды негізгі қор құс қорасының жем бункерінен алынды. ІТТБ қазан айында бір сынамадан бөлінді, оның жағындысы негізгі қор табынның жем тасығыш қабырғаларынан алынды. Құс фабрикасында қоздырғыштар анықталғаннан кейін бактериялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиялары қайта қаралады. Мұны оң нәтиже алғаннан кейін келесі айда алынған жағынды үлгілерін зерттеу дәлелдейді: қараша және желтоқсан айларында Staphylococcus spp. және ІТТБ, тиісінше, теріс болды. Сонымен, зерттелетін құс фабрикасындағы бактериялық қоздырғыштармен күресудің жалпы қағидалары төрт ғылыми-өндірістік кезеңді қамтиды: биоқауіпсіздіктің кешенді бағдарламасын әзірлеу, құс фабрикасына бактериялық қоздырғыштардың түсуін болдырмау, құс фабрикасында бактериялық қоздырғыштарды анықтау, бактериялық қоздырғыштарды жою.








