АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕКІ ЫСТЫҚ БҰЛАҚ КӨЗІНДЕГІ КЕРАТИНАЗАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ БАР ТЕРМОФИЛЬДІ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb2025102111Кілттік сөздер:
қауырсын, кератиназа, кератинолитикалық көрсеткіш, ыстық бұлақ.Аннотация
Кератин - көптеген протеолитикалық ферменттердің ыдырауына төзімді әрі ерімейтін ақуыз. Барлық құс
қалдықтарының ішінде қауырсын және мамық шикізаты ерекше қызығушылық тудырады, өйткені оның
құрамында 65%-ға жуық азықтық протеин (мамандандырылған протеин – кератин) бар. Биотехнологиялық
әдістер үнемді және экологиялық таза болып саналатындықтан, қалдықтарды басқарудың қызықты баламасы
микробтық кератинолитикалық гидролиз арқылы қауырсын қалдықтарының тағамдық құндылығын арттыру
үшін оңтайлы болып табылады. Бұл зерттеуде кератинолитикалық белсенділігі бар микроорганизмдер
шығаратын кератиназалар туралы жалпы ақпарат берілген. Кератинолитикалық бактериялар Қазақстандағы
Алматы облысында орналасқан Керімағаш және Нұрлы-Арасан ыстық көздерінен сегіз изолят бөлініп алынды.
Kh5 және Nh2 екі изоляттары салыстырмалы жоғары белсенділік көрсетіп, сегіз изоляттан таңдалды және
олардың шикі кератиназа белсенділігі ішінара сипатталды. Kh5 изоляты ең жоғары кератинолитикалық
белсенділікті көрсетті. Әртүрлі рН пен температурада шикі кератиназаның зерттеу барысында Kh5 изоляты рН
5,5 көрсеткіш кезінде белсендірек екенін бақыланды, ал Nh2 изоляты үшін рН 6,0 оптималды көрсеткіш болды.
Екі изолят Kh5 және Nh2 60ºC аралығындағы тауық қауырсын кератинінің тиімді ...