MALDI-TOF МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН BACTEROIDES FRAGILIS ШТАМЫНЫҢ АНТИБИОТИК РЕЗИСТЕНТТІЛІГІН АНЫҚТАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a4
        25 9

Кілттік сөздер:

карбапенем, Bacteroides fragilis, масс-спектрометрия, ген, инфекция

Аннотация

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты, жергілікті деңгейде, ауыр адамзат инфекцияларын емдеуде карбапенем тәрізді кең қолданыстағы антимикробтық препаратқа қарсы Қазақстан өңірінен бөлініп алынған Bacteroides fragilis (BFR_KZ01) клиникалық штамының сезімталдығын бағалау болып табылады. Матрицалық көмекші лазерлік десорбция ионизациялау/ ұшу уақыты масс-спектрометрия әдісін пайдала отырып, антибиотикке деген резистенттілікке жауап беретін гендерді анықтау. Bacteroides fragilis штамының антибиотик резистенттілігіне жауапты cfiA-оңға монторинг жүргізу және жаңа модулды анықтау мүмкіндігі үшін MALDI-TOF/MС масс-спектрометрия жүйесінде субтиптеу үшін бағдарламалық жасақтаманың MALDI Biotyper Subtyping Module жаңа модулі пайдаланылды.

Бактериалдық изолят Матрицалық көмекші лазерлік десорбция ионизациялау/ ұшу уақыты масс-спектрометрия MALDI-TOF MС мен 16S rRNA генің секвенирлеу әдісімен идентификацияланды. Штамының интра-абдомиалды инфекцияны емдеу үшін кең қолданылатын антибиотиктерге (ципрофлоксацин, метронидазол, меропенем, клиндамицин және тетрациклин) деген сезімталдығы анықталынды. Штамның cfiA-оң және cfiA-теріс анықтау үшін қажетті, масс-спектрлерді сараптау үшін ClinProTools 3.0.22 бағдарламалық жасақтама қолданылды. MALDI-TOF MС нәтижесі бойынша клиникалық BFR_KZ01 штамды меропенемге деген фенотиптік сезімталдығына (орташа МИК шамасы – 1,3 мг/л) қарамастан, II топқа (cfiA-оң) жатқызды. Зерттеу нәтижесінде BFR_KZ01 штамы cfiA, nimB, tetQ және gyrA гендеріне ие болуының арқасында метронидазол, тетрациклин мен ципрофлоксацин тәрізді көптеген антибиотикке резистентті екені дәлелденді.

Авторлардың биографисы

Д.С. Баянбек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

Баянбек  Дина Сериковна – PhD студент, ғылыми қызметкер, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»; «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, aubakirova.dina28@gmail.com)

Е.В. Жолдыбаева, Ұлттық биотехнология орталығы, Қазақстан, Астана

Жолдыбаева Елена Витальевна – б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, зертхана меңгерушісі, «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, zholdybayeva@biocenter.kz)

С.С. Қожахметова , Ұлттық биотехнология орталығы, Қазақстан, Астана

Қожахметова Сания Саттыбаева – б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, аға ғылыми қызметкер,  «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, kozhakhmetova@biocenter.kz)

П.В. Тарлыков , Ұлттық биотехнология орталығы, Қазақстан, Астана

Тарлыков Павел Викторович – PhD, зертхана меңгерушісі, «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, tarlykov@biocenter.kz)

А. Бекбаева , Ұлттық биотехнология орталығы, Қазақстан, Астана

Бекбаева Аяжан – магистр, кіші ғылыми қызметкер, «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, aika_bekbaeva@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Баянбек, Д. ., Жолдыбаева, Е. ., Қожахметова , С. ., Тарлыков , П. ., & Бекбаева , А. (2024). MALDI-TOF МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН BACTEROIDES FRAGILIS ШТАМЫНЫҢ АНТИБИОТИК РЕЗИСТЕНТТІЛІГІН АНЫҚТАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 101(4), 58–66. https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a4