Arabidopsis thaliana arp-/- мутантты өсімдіктердің генотоксикалық агенттерге сезімталдығы

Авторлар

  • S. M. Taipakova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • I. T. Smekenov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • A. K. Kuanbay әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • M. K. Saparbayev Густав Роззи институты, Франция, Париж қ.
  • A. K. Bissenbaev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1305

Кілт сөздер:

АП эндонуклеаза, A.thaliana, ДНҚ гликозилазалар, оттегінің белсенді түрлері.

Аңдатпа

Апуриндік/апиримидиндік (АР) эндонуклеазалар ДНҚ репарациясының өзара қиылысатын екі жолы ДНК-гликозилазамен инициализацияланатын негіздердің эксцизиялық репарациясы (BER) және нуклеотидтердің инцизиялық репарациясының (NIR) негізгі ферменті болып табылады. BER процесінде АР-эндонуклеаза тотыға зақымдалған негізді ДНҚ-гликозилаза ферментімен өңдеу нәтижесінде ДНҚ молекуласында түзілетін АР-сайты мен 3'-шектеуші тобы жанындағы фосфодиэфирлік байланысты спецификалық гидролиздейді. Ал NIR механизмінде АР-эндонуклеазалар ДНҚ зақымдануының  5'-соңындағы фосфодиэфирлік байланысты гидролиздейді. Модельді организм A.thaliana геномы адам АП-эндонуклеазасының (APE1) үш болжамды гомологтарын кодтайды: Arp, Ape1L және Ape2. ARP – өсімдіктердің апуриндік/апиримидиндік сайттарын ыдырататын негізгі өсімдік АР-эндонуклеазасы болып табылады. Алайда  өсімдіктердегі АП эндонуклеазалардың NIR белсенділікке ие екені осы күнге дейін белгісіз. Ұсынылып отырған жұмыста, гомозиготты arp-/- мутант A. thaliana метилметансульфонат пен трет-бутилгидропероксидке жоғары сезімталдық көрсетеді, алайда H2O2 –ке сезімталдығы байқалмайды. Ол ARP-катализденетін NIR белсенділік in vivo жағдайында t-BuO2H әсерінен индукцияланатын спецификалық тотыққан ДНҚ зақымданулары мен экзогенді факторлар әсерінен туындайтын  АР-сайттарды қалпына келтіру үшін  қажет екендігін көрсетеді. arp-/- мутантты өсімдіктіктерінің клеткалық экстрактылары  αdA•T олигонуклеотидтік субстратында NIR белсенділігін көрсетпеді. Бұл  нәтижелер ARP белогы A. thaliana  өсімдігінің негізгі АР- және NIR- эндонуклеазасы екендігін дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-26

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>