Метаболиттік синдроммен байланысты микроРНҚар мен гендер
Кілт сөздер:
miRNA, mRNA, байланысу сайттары, нысана гендер, метаболиттік синдром.Аңдатпа
Метаболиттік синдромның дамуына қатысатын гендер мен miRNAдың мәліметтер базасы құрастырылған. 118 гендердің mRNAмен 94 miRNA байланысады, ΔG/ΔGm90% астам. 48 miRNA үшін байланысу сайттар CDS, 19 miRNA үшін 5'UTR, 43 miRNA үшін 3'UTRде орналасқан. Кейбір miRNA үшін нысана гендердің mRNAда полисайттар бар екені анықталған: miR-466 – төрт сайт CD36 геннің mRNAда, тоғыз сайт JAK2 геннің mRNAда, miR-619-5p – үш сайт LDLR геннің mRNAда, miR-3960 – үш сайт CEBPA геннің mRNAда. Кейбір miRNA үшін метаболиттік синдромның дамуына қатысатын бірнеше нысана гендер анықталған. miR-3960 үшін төрт нысана гендер, miR-466 – алты, miR-1273f, miR-5095 - жеті, miR-1285-5p – сегіз, miR-5096 – тоғыз, miR-5585-3p – он, miR-1273g-3p, miR-619-5p – 13 нысана гендер бар. Метаболиттік синдромның дамуына қатысатын 42 miRNA қатарынан, 33 miRNAдың экспрессиясы жоғарлайды, тоғыз miRNAдың экспрессиясы томендейді. Кейбір miRNA үшін бірнеше нысана гендері бар: miR-185-3p, miR-378g - 11 нысана гендер, miR-197-3p, miR-378d – он ген, miR-150-3p, miR-378a-3p, miR-378i – тоғыз ген, miR-145-3p – сегіз ген, miR-197-5p, miR-378b - жеті нысана гендер.








