Бидай Rht-D1a кДНҚ генін E.coli жүйесінде клондау және экспрессиялау

Авторлар

  • I. T. Smekenov
  • T. I. Ayupov
  • M. K. Bakhtambayeva
  • G. T. Rakhmatullaeva
  • S. M. Taipakova
  • A. K. Bissenbaev Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-3-1343

Аңдатпа

Бидайдың DELLA белоктары Rht-1 гендерімен кодталады. Rht-1 гендерінің 4A, 4B, және 4D хромосомаларында үш гомологиялық локустары (Rht-A1, Rht-B1 және Rht-D1) бар. Rht-1 белоктарының маңыздылығына қарамастан, жеткілікті мөлшерде белок бөліп алу қиындықтары мен белокқа қарсы антиденелердің болмауына байланысты биохимиялық зерттеулер  қажетті деңгейде жүргізілмеді. Ұсынылып отырған жұмыста кері транскрипция және полимеразды тізбекті реакциялары көмегімен Rht-D1а кДНҚ гені бөлініп алынды. Гистидин соңды Rht-D1а E. cоli жүйесінде функциональді экспрессияланып, никель аффинді хроматография көмегімен гомогенді күйде бөлініп алынды. MALDI-TОF масс-спектрометрия көмегімен рекомбинантты белоктың аминқышқылдық тізбегінің Triticum aestivum Rht-D1а белогының біріншілік құрылымымен толық сәйкестігі анықталды. Ген экспрессиясының өнімі молекулалық массасы 65,3 kDa болатын және 623 аминқышқылынан тұратын (pI=4,99) глобулярлы белок екені айқындалды. Тазаланып алынған рекомбинантты RHT-D1а белогының қолданылуымен  поликлональді антиденелер алынып, олардың бидай Rht-D1а белоктарына арнайылығы анықталды. Гомогенді күйде бөлініп алынған Rht-D1a белогы және спецификалық поликлональды антиденелер, Rht-D1a белогын құрылымдық және функционалдық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, олай болса  Rht-D1a арқылы өсімдіктердің өсуінің реттелу механизмін нақты түсінуге түрткі болады.

Түйін сөздер: Triticum aestivum, RHT-D1а, DELLA-белок экспрессия.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-17

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>