miRNA-дың өкпе қатерлі ісігінің ұсақ емес жасушалы субтипінің кандидатты гендерінің mRNA-мен өзара әрекетінің сипаттамалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-3-1341Аңдатпа
Өкпе қатерлі ісігінің ұсақ емес жасушалы субтипінің дамуына 200-ден көп кандидатты гендердің қатысуы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты 137 өкпе қатерлі ісігінің ұсақ емес жасушалы субтипінің кандидатты гендерінің және miRNA-дың өзара әрекетінің сипаттамаларын зерттеу болды. Алынған мәліметтер гендердің көп саны екі немесе одан да көп miRNA нысаналары болып табылатынын көрсетті. Кейбір гендердің mRNA-дары кластерлер деп аталатын бір-бірімен қиыстырылған нуклеотидті тізбектері бар бірнеше miRNA байланыстыратын сайттарын қамтиды. Алғаш рет бірнеше miRNA-ның байланыстыратын сайттары бар өкпе қатерлі ісігінің ұсақ емес субтипінің гендер кластерлерінің қасиеттері зерттелген. 5'UTR-де көптеген miRNA байланыстыру сайттары бар кластерлердің қасиеттері қарастырылады. CHKA, E2F1, HMGA2, PTEN, HTRA2, ING1, MTA3, SMARCA4, NFATC2-тің гендердің mRNA-ры көпшілік miRNA-ға арналған байланыстыру сайттарды қамтиды. CEBPA, NOTCH3, TRIO, LATS2, RB1 және ZBTB7A гендерінің mRNA CDS-да бірнеше кластерлер бар. 32 ген 49 miRNA нысандары болып табылады, олардың байланыстыру сайттары 3'UTR аймағында локализацияланған. CDK6 мен IRS1 гендері ең көп miRNA байланыстыру сайттары бар кластерлерді қамтиды. AKT1, EMP және HMGA2 гендерінде ұзындығы 34 nt, 40 nt and 41 nt, тиісінше, кластерлер бар, үш miRNA-ның байланыстыру сайттарынан тұратын. BCAR1, ITGA11, MYLK, PTK6, PXN, SOX2 және SSX2 гендерінің әрбір mRNA-да екі miRNA-ның байланыстыру сайттарынан тұратын кластерлері бар. Зерттелетін гендердің экспрессиясы miRNA-мен mRNA-дың байланысудын жоғары бос энергиясына тәуелді.
Түйін сөздер: miRNA, mRNA, ұсақ емес жасушалы өкпе қатерлі ісігі, нысана гендер.








