Arabidopsis thaliana arp-/- мутантты өсімдіктердің генотоксикалық агенттерге сезімталдығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1305Кілт сөздер:
АП эндонуклеаза, A.thaliana, ДНҚ гликозилазалар, оттегінің белсенді түрлері.Аңдатпа
Апуриндік/апиримидиндік (АР) эндонуклеазалар ДНҚ репарациясының өзара қиылысатын екі жолы ДНК-гликозилазамен инициализацияланатын негіздердің эксцизиялық репарациясы (BER) және нуклеотидтердің инцизиялық репарациясының (NIR) негізгі ферменті болып табылады. BER процесінде АР-эндонуклеаза тотыға зақымдалған негізді ДНҚ-гликозилаза ферментімен өңдеу нәтижесінде ДНҚ молекуласында түзілетін АР-сайты мен 3'-шектеуші тобы жанындағы фосфодиэфирлік байланысты спецификалық гидролиздейді. Ал NIR механизмінде АР-эндонуклеазалар ДНҚ зақымдануының 5'-соңындағы фосфодиэфирлік байланысты гидролиздейді. Модельді организм A.thaliana геномы адам АП-эндонуклеазасының (APE1) үш болжамды гомологтарын кодтайды: Arp, Ape1L және Ape2. ARP – өсімдіктердің апуриндік/апиримидиндік сайттарын ыдырататын негізгі өсімдік АР-эндонуклеазасы болып табылады. Алайда өсімдіктердегі АП эндонуклеазалардың NIR белсенділікке ие екені осы күнге дейін белгісіз. Ұсынылып отырған жұмыста, гомозиготты arp-/- мутант A. thaliana метилметансульфонат пен трет-бутилгидропероксидке жоғары сезімталдық көрсетеді, алайда H2O2 –ке сезімталдығы байқалмайды. Ол ARP-катализденетін NIR белсенділік in vivo жағдайында t-BuO2H әсерінен индукцияланатын спецификалық тотыққан ДНҚ зақымданулары мен экзогенді факторлар әсерінен туындайтын АР-сайттарды қалпына келтіру үшін қажет екендігін көрсетеді. arp-/- мутантты өсімдіктіктерінің клеткалық экстрактылары αdA•T олигонуклеотидтік субстратында NIR белсенділігін көрсетпеді. Бұл нәтижелер ARP белогы A. thaliana өсімдігінің негізгі АР- және NIR- эндонуклеазасы екендігін дәлелдейді.








