Авторларға арналған ақпарат

«ҚазҰУ хабаршысы. Биология сериясы» ғылыми журналы биологияның негізгі бөлімдері бойынша материалдарды жариялайды:

Журналдың бөлімдері:

► Шолу мақалалары

► Биотехнология

► Биофизика‎

► Биохимия

► Ботаника‎

► Есептеу биологиясы‎

► Генетика‎

► Гидробиология

► Гистология‎

► Зоология‎

► Иммунология‎

► Микология

► Микробиология

► Молекулалық биология‎

► Паразитология‎

► Радиобиология‎

► Физиология‎

► Цитология‎

► Эволюциялық биология

► Хроника


Жаңа тәжірибелік мәліметтері бар аяқталған түпнұсқалы зерттеулердің нәтижелері, биологиялық зерттеудің жаңа әдістері сипатталған әдістемелік жұмыстар, белгілі бір мәселені шешудің жаңа принциптері мен әдіс-тәсілдерін баяндайтын теориялық сипаттағы материалдар басылымға қабылданады. Сонымен қатар, проблемалық мақалалар, шолулар, қысқа баяндамалар мен хабарлар журналға жарияланады. Биологияның өзекті саналатын мәселелеріне арналған тақырыптық шығарылымдар басылып шығарылады.

Жариялау туралы шешім рецензиялаудан кейін ұсынылған материалдардың ғылыми маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, журналдың редакциялық алқасымен қабылданады. Редакциялық алқамен қабылданбаған мақалалар қайта қабылданып, қаралмайды. Ереже бойынша рәсімделмеген жазбалар қаралмастан авторларға қайтарылады. Бұрын жарияланған жұмыстарға түсінік пікірлер, ғылыми конференциялар ман іс-шаралар жөніндегі ақпарат, редакторға хат, кітаптарға және де түрлі хроникалар тек журналдың сайтында ғана жарияланады.

2009 жылдан бергі шығарылымдардың мазмұны толық көлемде журналдың сайтында «Мұрағат» айдарында ұсынылған. Сондай-ақ, рецензиялауда жоғары баға алып, басылымға қабылданған қолжазбалар жарыққа шықпай тұрып-ақ «Ағымдағы шығарылым» айдарында жарияланады.

Журналда материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жүйеге тіркелу немесе кіру «Материалдарды жіберу» бөлімінде қол жетімді.

Мақала электронды форматта (.doc, .docx, .rtf форматтарында) тек журнал веб-сайтының (Open Journal System) функционалында жүктеу арқылы беріледі.

Қолжазбаны форматтауға қойылатын талаптар Қосымшада көрсетілген.

Мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз.

Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үшін Mendeley Reference Manager құралын пайдалана аласыз.

Мақаланы жариялау үшін ілеспе хатты да дайындау керек.