ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ ҚАРАКӨЗ RUTILUS CASPICUS (YAKOVLEV 1870) ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕГІ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb107220265
        5 4

Кілттік сөздер:

Қапшағай су қоймасы, қаракөз, жастық қатары, ұзындық-салмақтық көрсеткіштері, жыныстық құрамы, таралуы, интерполяция.

Аннотация

Мақалада 2024 жылы жүргізілген ихтиологиялық зерттеулердің деректері негізінде Қапшағай су қоймасында қаракөз популяциясының құрылымдық сипаттамалары, оның ішінде жастық құрамы, ұзындық-салмақтық көрсеткіштері және жыныстық құрылымы қарастырылған. Ауланған даралардың ұзындық мәндері 89-323 мм аралығында ауытқыса, популяциясы бойынша орташа ұзындығы 193 мм құрады. Үлкен салмағы бойынша 11-622 г аралығында ауытқып, орташа көрсеткіші 163 г сәйкес келді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес қаракөз балықтарының жастық қатары 2-8 жас аралығын құраса, олардың 4-6 жастағы дараларының үлесі басым болды. Ұзындық құрамы бойынша модальды класты 150-199 және 200-249 мм ұзындықтағы даралар құраса, салмақтық құрылымы тиісінше 120-179 және 180-239 г аралығындағы даралардың үлесіне тиесілі болды. Аталған сипаттамалар қаракөз балықтарының 30 мм ұяшықты ғылыми ауларға жиі түсуімен де расталады. Кейінгі жылдары аталған су қоймада қаракөз популяциясының құрылымдық көрсеткіштері жоғарылағаны байқалады.

Ғылыми аулардың талдау нәтижесіне сәйкес көктемнен күзге қарай қаракөз балықтарының саны жоғарылайды. Интерполяциялық әдіс бойынша қаракөз популяциясының кеңістіктегі маусымдық таралу динамикасы анықталды. Көктем айларында қаракөз популяциясының кеңістіктегі таралуы Қапшағай су қоймасының оң жағалау акваториясында байқалса, ал жаз және күз мезгілдерінде олардың шоғырлануы сол жағалау акваториясының өзен сағалары маңында болатындығы анықталды. Балықтардың кеңістіктегі маусымдық таралу ерекшелігі де шоғырланған аймақтардағы қоректік базасының жоғары деңгейімен және де басқа да абиотикалық факторламен байланысты болуы ықтимал. 

Авторлардың биографисы

Н.С. Сапаргалиева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Сапарғалиева Назым Сапарғалиқызы – б.ғ.к., зоология, гистология және цитология кафедрасының доценті, Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: sapargalyeva.nazym@gmail.com)

С.Е. Шарахметов , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Шарахметов Саят Ермұханбетұлы – PhD, зоология, гистология және цитология кафедрасының доцент-зерттеушісі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: sharakhmetov@gmail.com)

Ж.М. Баққожа , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Баққожа Жарқын Мейіржанұлы - зоология, гистология және цитология кафедрасының 1 курс докторанты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, ихтиология зертханасының ғылыми қызметкері  (Алматы,  Қазақстан, e-mail: zarkynbakkoza@gmail.com)

А.Т. Сатбек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Сатбек Аңсар Талғатұлы - зоология, гистология және цитология кафедрасының 2 курс докторанты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы,  Қазақстан), ЖШС Балқаш филиалы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» кешенді балық шаруашылық зертханасының экспедиция жасақ басшысы  (Балқаш,  Қазақстан, e-mail: a.s_9393@list.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Сапаргалиева, Н. ., Шарахметов , С. ., Баққожа , Ж. ., & Сатбек, А. . (2026). ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ ҚАРАКӨЗ RUTILUS CASPICUS (YAKOVLEV 1870) ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕГІ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 107(2), 82–92. https://doi.org/10.26577/bb107220265

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають