ЭНТОМОПАТОГЕНДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚ BEAUVERIA BASSIANA-НЫҢ HALYOMORPHA HALYS-ҚА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb1072202610Кілттік сөздер:
Halyomorpha halys, Beauveria bassiana, энтомопатогенді саңырауқұлақтар, биологиялық бақылау, инвазивті зиянкестер, өлім-жітімАннотация
Halyomorpha halys (қоңыр мәрмәр қандала) – жеміс, көкөніс және бау-бақша дақылдарына елеулі экономикалық зиян келтіретін инвазивті полифагиялық зиянкес. Түрдің жоғары көбею қабілеті, кең қоректік спектрі және әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделуі оның көптеген елдерде тез таралуына себеп болды. Beauveria bassiana энтомопатогенді саңырауқұлағы жоғары патогенділігі мен экологиялық қауіпсіздігіне байланысты зиянкестермен биологиялық күресте перспективалы агент болып табылады. Зерттеудің мақсаты H. halys-тің әртүрлі даму сатыларына қарсы B. bassiana жергілікті изолятының тиімділігін бағалау болды.
Зертханалық жағдайда жұмыртқалар, нимфалар және ересек дарақтар 1×10⁵–1×10⁸ конидия/мл концентрацияларындағы конидиялық суспензиялармен өңделді. Өлім-жітім деңгейі, инфекцияның даму динамикасы, LT₅₀ және LT₉₀ көрсеткіштері, сондай-ақ саңырауқұлақтың сублетальді әсерлері зерттелді. Нәтижелер конидиялар концентрациясының жоғарылауымен өлім-жітім деңгейінің де артқанын көрсетті. Ең жоғары әсер 1×10⁸ конидия/мл концентрациясында байқалды: нимфалардың өлім-жітімі 98%-ға, ересек дарақтардың өлім-жітімі 95%-ға және жұмыртқалардың өлім-жітімі 74%-ға жетті. Сонымен қатар, ең жоғары концентрацияда LT₅₀ көрсеткіші 3,7 тәулікті құрады, бұл жергілікті изоляттың жоғары вируленттілігін көрсетті. Сондай-ақ саңырауқұлақ әсерінен қоректену белсенділігінің төмендеуі, қозғалу қарқындылығының әлсіреуі және репродуктивтік көрсеткіштердің нашарлауы байқалды.
Алынған нәтижелер Beauveria bassiana жергілікті изолятының Halyomorpha halys-ке қарсы жоғары энтомопатогендік белсенділік көрсететінін және оны зиянкестермен күрестің интеграцияланған биологиялық бағдарламаларында қолдану перспективалы екенін дәлелдейді.








