ЖАЛПЫ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯҒА ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1061202612

Кілттік сөздер:

электроэнцефалография, когнитивті жүктеме, альфа ырғағы, тета ырғағы, теміртапшылықты анемия, спектральды талдау, кросс-корреляциялық талдау.

Аннотация

Зерттеуде когнитивті жүктеменің дені сау және теміртапшылықты анемиясы бар студенттердің ми биоэлектрлік белсенділігі мен қыртысты аймақтар арасындағы функционалдық байланыстарға әсерін электроэнцефалография (ЭЭГ) әдісімен анықталды. Зерттеуге екі топқа топтастырылған дені сау және теміртапшылықты анемиясы бар студенттер қатысты. Когнитивті тапсырманы орындағанға дейін және когнитивті тапсырманы орындағаннан кейін стандартталған функционалдық режимде ЭЭГ тіркелді, альфа (8-13 Гц) және тета (4-7 Гц) ырғақтарына спектральды талдау және корреляциялық талдаудың бір түрі болып табылатын кросс-корреляциялық талдау жүргізілді. Қатысушылар когнитивті жүктемеге бес минуттық ментальды есеп шығару тапсырмасын орындады.

Нәтижелер когнитивті тапсырманы орындағанға дейін екі топта да спектральды көрсеткіштердің сақталғанын көрсетті, ал сенсорлық ынталандыру кезінде теміртапшылықты анемиясы бар топта альфа ырғағының толық қуаты мен тета индексінің төмендеуі анықталды. Когнитивті тапсырманы орындағаннан кейін дені сау топта альфа ырғағының тиімді қалпына келуі, тета ырғағының шектелуі мен қыртысты аймақтар арасындағы үйлесімді функционалдық байланыстары сақталған. Теміртапшылықты анемиясы бар топта альфа синхронизациясының жеткіліксіз қалпына келуі және тета ырғағының шамадан тыс артуы анықталды. Корреляциялық талдауда маңдай аймақтарының орталық және самай аймақтарымен байлынысы әлсіреген.  Бұл когнитивті және атқарушы функцияларға жауапты нейрондық желілердің интеграциясының бұзылысын сипаттайды, ал оның гипоксиялық және нейрометаболикалық шектеулермен байланысты екенін көрсетеді.

Альфа және тета ырғақтарының спектральды және кросс-корреляциялық көрсеткіштері когнитивті жүктемеге мидың функционалдық күйін бағалауда нейрофизиологиялық маркерлер ретінде қолдануға ұсынылады.

Авторлардың биографисы

Г.К. Датхабаева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Датхабаева Гаухар Кубеновна - биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: Datkhabayeva@kaznu.edu.kz)

А.М. Кустубаева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Кустубаева Aльмира Мэлсовна – – биология ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: kustubaeva@kaznu.kz)

М.С. Кулбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Кулбаева Маржан Сусаровна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: Kulbaeva@kaznu.edu.kz )

М.Қ. Мұстафин , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Мұстафин Мұхамет Қанышұлы - жаратылыстану ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. (Алматы, Қазақстан, e-mail: muxa@gmail.com)

Р.А. Бабаев , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Бабаев Рахат Актанбердиевич – Ми институтының кіші ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: rahatbabaev@gmail.com)

А.Ғ. Әшірбай , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Әшірбай Айжан Ғабиденқызы - жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Ми институтының кіші ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: i_zhanashirbay@mail.ru)

А.А. Исағали , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Исағали Аcылнұр Айдынқызы – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Ми институтының кіші ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет (Алматы, Қазақстан, e-mail: asylnur2001@gmail.com

Как цитировать

Датхабаева , Г. ., Кустубаева , А., Кулбаева, М. ., Мұстафин , М., Бабаев , Р. ., Әшірбай , А. ., & Исағали , А. (2026). ЖАЛПЫ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯҒА ӘСЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 106(1), 121–130. https://doi.org/10.26577/bb1061202612

Шығарылым

Бөлім

ФИЗИОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА И ЖИВОТНЫХ