МИКСОСПОРИДИЯМЕН ИНВАЗИЯЛАНҒАН ЖАС ТҰҚЫ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb106120263

Кілттік сөздер:

балық өсіру шаруашылығы, тұқы балықтары, гематология, гистология, желбезектер, гепатопанкреас, жүрек

Аннотация

Мақалада тоған аквашаруашылығы жағдайында өсірілетін және миксоспоридиялық инвазиямен зақымданған жас айна тұқы балығының (Cyprinus carpio) физиологиялық жағдайы қарастырылады. Жұмыстың мақсаты тұқы балықтарының физиологиялық және гематологиялық көрсеткіштеріне миксоспоридиялармен паразиттік зақымданудың әсерін бағалау болып табылады. Жұқтырылған дараларда көбінесе балықтардың өлімімен бірге жүретін аурудың клиникалық белгілері байқалды. Гематологиялық тексеру кезінде моноциттердің, нейтрофилдердің (32,68%) және лейкоциттердің (257,6×10⁹/л) қалыпты көрсеткішпен салыстырғанда жоғары мөлшері анықталды. Паразиттік инвазия жағдайында лейкоциттік формула көрсеткіштерінің жоғарлауы организмнің қорғаныш реакциясының артқанын көрсетеді. Желбезектердің, жүректің, ішектің, гепатопанкреастың және бұлшықеттердің гистологиялық зерттеу нәтижесі паразиттік шырышты спораларының (Myxozoa: Myxosporea: Myxobolidea) жасушаішілік, ұлпаішілік және шашырап орналасатыны анықталды. Зерттелген балықтардың желбезектеріндегі некроз, қабыршақтану, гиперплазия және мес жасушаның күрт көбеюі ұсақ жасушаішілік плазмодиялармен де, тіндік цисталардың ішінде орналасқан споралармен де байланысты. Балықтардың желбезектеріндегі шырышты паразиттер орналасқан жерлерде мес жасуша санының артуы иммундық жүйенің гомеостазын сақтау қажеттілігімен байланысты. Миксоспоридий плазмодиялары некрозға, жасушалардың сіңірілу және тасымалдану процестерінің бұзылуына, сондай-ақ призмалық эпителий жасушаларының биіктігінің төмендеуіне және олардың апикальді бетіндегі микробүрлердің дегенерациясына әкелетін ас қорыту жолдарының мүшелеріне патологиялық әсері анықталды. Бір және екі ядролы шырышты споралардың жасушаішілік паразиттелуі гепатопанкреас пен жүректің жасушаларында да байқалады. Балықтардың терісінде орналасқан некротикалық ошақтар паразиттік инвазияға байланысты қабыну процесінің жане бұлшықетке қан кетудің көрінісі болды.

Авторлардың биографисы

Н.М. Сейдалиева , әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Сейдалиева Нағима Маратбекқызы - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Зоология, гистология және цитология кафедрасының PhD- докторанты (Алматы, Қазақстан; электрондық пошта: seidalieva_nagima@mail.ru ).

Н.A. Ибрагимова , Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы, Алматы, Қазақстан

Ибрагимова Наиля Ахтамовна «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ фармакология зертханасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан; электрондық пошта: 73@mail.ru).

A.K. Сайдахметова , С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, Алматы, Қазақстан

Сайдахметова Айдана ҚанатқызыБілім магистрі; С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан; электрондық пошта: a@kaznmu.kz).

Б.A. Үсіпбек , әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Үсіпбек Ботагөз Абдыханқызы - PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доцент міндетін атқарушы (Алматы, Қазақстан; электрондық пошта: botagoz@kaznu.kz).

Д.Б. Мирзалиева , әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Мирзалиева Динара Бейсенбековна - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан; электронды пошта: dinara-myrzalieva@mail.ru).

С.M. Шалгимбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

Шалгимбаева Сауле Мухаметкалиевна - б.ғ.к., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Зоология, гистология және цитология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан; электрондық пошта: saule777@gmail.com ).

Как цитировать

Сейдалиева N. ., Ибрагимова N. ., Сайдахметова A. ., Үсіпбек B. ., Мирзалиева D. ., & Шалгимбаева S. . (2026). МИКСОСПОРИДИЯМЕН ИНВАЗИЯЛАНҒАН ЖАС ТҰҚЫ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН БАҒАЛАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 106(1), 31–40. https://doi.org/10.26577/bb106120263

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають