БАС БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ROSA ALBERTI ӘРТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖЕМІСТЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН АНТИОКСИДАНТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb106120262Кілттік сөздер:
Rosa alberti, морфологиялық белгілер, антиоксиданттық белсенділік, фенольді қосылыстар, адаптациялық әлеует.Аннотация
Мақалада Қазақстанның Бас ботаникалық бағы жағдайында интродукцияланып, өсіріліп жатқан Альберт итмұрынының (Rosa alberti Regel.) әртүрлі формаларының морфологиялық ерекшеліктері мен антиоксиданттық белсенділігіне жүргізілген кешенді зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Жұмыстың өзектілігі аймақтың континенттік климатына бейімделе алатын, сәндік көгалдандыруда және биологиялық белсенді қосылыстардың табиғи көзі ретінде перспективалы өсімдік түрлерін интродукциялау қажеттілігімен, сондай-ақ антиоксиданттық қасиеттерге ие өсімдік ресурстарын кеңейту мәселесімен айқындалады. Rosa alberti жоғары сәндік қасиеттерімен, экологиялық бейімделгіштігімен және фармакологиялық маңызымен ерекше қызығушылық тудырады.
Зерттеудің мақсаты Rosa alberti-дің әртүрлі формаларына тән диагностикалық мәні бар морфологиялық белгілерді анықтау және интродукция жағдайындағы жергілікті микроэкологиялық факторларға өсімдіктердің бейімделу реакцияларын сипаттайтын көрсеткіш ретінде жемістерінің антиоксиданттық белсенділігін бағалау болды. Зерттеу барысында жапырақтың пішіні мен мөлшері, түктену дәрежесі мен сипаты, сондай-ақ жемістердің пішіні мен өлшемдері бойынша жан-жақты морфометриялық талдау жүргізілді. Биохимиялық зерттеулер стандартты спектрофотометриялық әдістерді қолдана отырып, жемістердегі жалпы фенолдық қосылыстардың мөлшерін және антиоксиданттық белсенділіктің жалпы деңгейін анықтауды қамтыды.








