КҮНГЕЙ АЛАТАУЫ ЖАҒДАЙЫНДА CHELIDONIUM MAJUS L. ДӘРІЛІК ТҮРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЭТАЛОНДЫҚ УЧАСКЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.04

Ключові слова:

Кунгей Алатау, Chelidonium majus L., лекарственный, эталонный участок, ущелья, вид

Анотація

Мақалада Күнгей Алатауының қазақстандық бөлігі аумағындағы Chelidonium majus L. дәрілік өсімдігінің қатысуымен эталондық учаскелерді зерттеу нәтижелері ұсынылған. Әртүрлі өсімдік аймақтарының типтік қауымдастықтары (флористикалық құрамы мен құрылымы) бар 5 анықтамалық учаскенің сипатталған. Күнгей Алатауы - Солтүстік Тянь-Шаньның ерекше және көз тартарлық аймағы, әртүрлі табиғи ерекшеліктері бар үш ботаникалық-географиялық провинцияның: Орталық Тянь-Шань-Транс-Алай, өтпелі Қашқар-Шығыс Тянь-Шань және өтпелі Жоңғар аймағының түйіскен жерінде орналасқан. Зерттеу аймағы ботаникалық алуантүрлілігі жоғары Қырғызстан Республикасымен шекаралас аумақ ретінде қызығушылық тудырады. Шекаралық физикалық-географиялық жағдайына байланысты оның флорасының қалыптасуына әртүрлі ірі ботаникалық-географиялық орталықтар (Солтүстік және Батыс Тянь-Шань) әсер етті. Жотаның көптеген аумақтарындағы табиғи кешендердің түрлік құрамы оның қолжетімсіздігіне байланысты табиғи күйінде сақталған және бүкіл Солтүстік Тянь-Шань үшін флористикалық эталон болып табылады. Авторлар Күнгей Алатаудың қазақстандық бөлігінің аумағында C. majus-ты тексеру және тарату бойынша зерттеу циклдарын жүргізді, бұл қазіргі уақытта зерттелген түр популяцияларының бар екендігі, олардың әртүрлі өсімдіктер қауымдастықтарындағы тіршілік ету ерекшеліктері, оның популяцияларына теріс факторлардың әсер ету дәрежесін және осындай әсер ету салдарының ұзақтығын анықтау, осы түрдің экологиясы туралы неғұрлым толық мәліметтер алуға мүмкіндік берді. C. majus негізінен төменгі және орта белдеулердің таулы оңтүстік беткейлерінде, қалың бұталардың арасында, өзен жағаларында және сайлардың соқпақтары мен беткейлерінде өсетіні анықталды.

Біографії авторів

  • автор А.Б. Достемесова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Достемесова Анар Бериковна (корреспондентный автор) – Ph докторант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ботаника және фитоинтродукция институтының кіші ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, email: anardostemesova@gmail.com)

  • автор К.С. Избастина, афіліація С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Зерттеу Университеті, Қазақстан, Астана қ

    Избастина Клара Сержановна – PhD, қауымд. проф., Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министірлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты ШЖҚ РМК филиалы «Астана ботаникалық бағы», С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Зерттеу Университеті (Астана, Қазақстан, email: izbastina.k@gmail.com)

  • автор С.К. Мухтубаева, афіліація Астана халықаралық университеті, Қазақстан, Астана қ.

    Мухтубаева Сауле Какимжановна – қауымд. проф., Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министірлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты ШЖҚ РМК филиалы «Астана ботаникалық бағы», Астана халықаралық университеті, (Астана, Қазақстан, email: mukhtubaeva@mail.ru.)

  • автор М.Ж. Жумагул , афіліація Астана халықаралық университеті, Қазақстан, Астана қ.

    Жумагул Мольдир Жакыпжановна – PhD, Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министірлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты ШЖҚ РМК филиалы «Астана ботаникалық бағы», Астана халықаралық университеті, (Астана, Қазақстан, email: mzhakypzhan@mail.ru.)

  • автор Ж.А. Абдукадирова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Абдукадирова Жансая Абдимуратовна – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, (Алматы, Қазақстан, email: zhansina88@mail.ru)

  • автор Г.С. Мұқан, афіліація Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министірлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ.

    Мұқан Гаухар Сейсенбековна – б.ғ.к., Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министірлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты ШЖҚ РМК, (Алматы, Қазақстан, email: appleforest_protection@mail.ru)

  • автор А.К. Жанбырбаева, афіліація С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан, Алматы қ.

    Жанбырбаева Айнур Кайргалиевна – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, (Алматы, Қазақстан, email: zhanbyrbayeva.a@kaznmu.kz)

Завантаження

Опубліковано

2024-06-20

Як цитувати

КҮНГЕЙ АЛАТАУЫ ЖАҒДАЙЫНДА CHELIDONIUM MAJUS L. ДӘРІЛІК ТҮРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЭТАЛОНДЫҚ УЧАСКЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ. (2024). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 99(2), 38-54. https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.04

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають