ҚҰЛПЫНАЙ (FRAGARIA ANANASSA DUCH.) СОРТТАРЫН IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА ЕНГІЗУ ШАРТТАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb20251058Кілттік сөздер:
стерильдеуші агенттер, қоректік орта, in vitro културасына енгізу, экспланттар, сорт, құлпынай (Fragaria ananassa Duch.)Аннотация
Құлпынайды (Fragaria ananassa Duch.)in vitro жағдайында өсіру – вегетативті көбейтудің тиімді әдісі болып табылады. Бұл тәсіл қысқа уақыт ішінде генетикалық біртекті және вируссыз өсімдік материалын алуға мүмкіндік береді. Әдістің негізі – өсімдік экспланттарын, негізінен меристемаларды, асептикалық жағдайда арнайы қоректік ортада өсіру арқылы олардың регенерациясына және толыққанды өсімдікке айналуына жағдай жасау. Бұл мақалада құлпынайды in vitro жағдайында өсірудің жекелеген кезеңдерін оңтайландыру, стерильдеуші агенттерді таңдау және экспланттарды қоректік ортаға отырғызу нәтижелері келтірілген. Зерттеу нысандары ретінде Федерика (Federica), Сан-Андреас (San-Andreas), Брин (Brin) сорттары пайдаланылды. Экспланттарды in vitro культурасына енгізу үшін әртүрлі концентрация мен экспозиция уақытындағы стерильдеуші заттар қолданылды: 0,1% сынап хлориді (HgCl₂) (3, 4, 5 минут), натрий гипохлориді (3, 4, 5 минут) және 12% сутегі асқын тотығы (5, 7, 9 минут). Зерттеу нәтижелері бойынша, 0,1% HgCl₂ ерітіндісін 5 минут қолдану кезінде өміршең экспланттардың ең жоғары шығымдылығы байқалды, олардың тіршілік ету көрсеткіші шамамен 85%-ды құрады. Кейінірек апикальді меристемалар Мурасиге–Скуг (МС) қоректік ортасына отырғызылды, оған бензиламинопурин (БАП) әртүрлі концентрацияларда қосылды. Экспланттарды өсіру үшін ең тиімді орта – құрамында 0,5 мг/л 6-БАП бар МС ортасы болып анықталды. Бұл ортада құлпынай экспланттарының өміршеңдігі 70–80% аралығында болды.








