ЖЫРТҚЫШТАРДЫҢ СИНАНТРОПТАНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АНТРОПОГЕНДІ ЛАНДШАФТТАҒЫ ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb20251055Кілттік сөздер:
урбандалған ландшафттар, жыртқыш құстар, Қызылорда қаласы, көк кептер, синантропизацияАннотация
Мақалада Қызылорда қаласының авифаунасын есепке алу нәтижелері бойынша Қазақстанның оңтүстік-батысындағы урбандалған аумақтардағы жыртқыш құстар фаунасының кеңістіктік-уақыттық орналасуын талдау ұсынылған. Жыртқыш құстардың 8 түрі тіркелді, мысалы, Circus cyaneus, Circus aeroginosus, Accipiter nisus, Buteo rufinus, Buteo buteo, Aqulia nipalensis, Falco subbuteo, Falco tinnunculus. Жыртқыш құстардың мекендеу ықтималдығы қаланы кесіп өтетін темір жолдың арғы беті мен жаңа бөлігіндегі шектеулі көгалдандырылған тығыз орналасқан аз қабатты құрылыстармен теріс байланысты болды. Сонымен қатар, қаланың ескі орталық бөлігінде көгалдандырусыз тығыз орналасқан құрылыстары кәдімгі күйкентайдың өмір сүруіне қолайлы жағдайларға ие (азық қоры, ұялау стациясы). Жыртқыш құстардың мекендеу ықтималдығы ағаш және/немесе бұталардың шағын топтары бар Сырдария өзенінің жайылмалары мен бос кеңістіктеріне оң байланысты болды. Қаланың солтүстік-шығыс мүйісінде орналасқан ҚТҚ полигонының айналасы тілеміш пен жамансары үшін азық қоры ретінде пайдаланылса, әуежай аумағында кәдімгі жамансары, дала қыраны және күйкентай мекендейді. Қызылорданың урбандалған ландшафттарында тіркелген ең көп құс – көк кептер. Осы зерттеуге сүйене отырып, өз аумағы мен айналасындағы көк кептерлердің санын реттеуге және жыртқыш құстарды сақтауға мүдделі кәсіпорындарға (астық қоймасы, әуежай) және жергілікті атқарушы органдарға көбірек жергілікті өсімдіктер мен бұталарды сақтауға немесе отырғызуға және жасыл алаңдарды сақтауға кеңес береміз.








