ІРІ ҚАРА МАЛЫНЫҢ АУСЫЛҒА ҚАРСЫ САЛЫНҒАН ЕКПЕДЕН КЕЙІНГІ ЗАТ АЛМАСУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb202510510Кілттік сөздер:
аусыл, екпе, ірі қара малы, зат алмасу, егуАннотация
Бұл мақалада аусылға қарсы екпеден кейін ірі қара малдың ағзасында болатын биохимиялық өзгерістер қарастырылады. Ақуыз, көмірсу мен липидтік алмасуын қоса алғанда, метаболикалық көрсеткіштердің динамикасына ерекше назар аударылды. Екпе егілген сиырлардың биохимиялық жағдайына мониторингтік зерттеулер жүргізудің зат алмасу бұзылыстарын дер кезінде анықтау, оларды түзету және өнімділік денсаулығын сақтау мақсатында өндірістік-практикалық маңызы бар. Белгілі болғандай, метаболизмнің гомеостатикалық бақылауы қоректік заттардың таралуын қамтамасыз ету үшін ақуыз, көмірсулар мен липидтер алмасуын реттейтін эндокриндік жүйенің әсеріне байланысты бүкіл екпе кезеңінде айтарлықтай өзгереді. Бақылау және тәжірибелік жануарлардың сараптама нәтижелері бойынша, бақылау тобында өзгерістер орын алмағанымен тәжірибелік топта зат алмасу өнімдеріне қатысатын кейбір биохимиялық көрсеткіштердің қандағы мөлшері өзгеріске ұшырады. Оған себеп аусылға қарсы екпеден кейінгі жануарлардың қан сарысуындағы биохимиялық көрсеткіштердің өзгерісі уақытша артатындығы анықталды, себебі: ағзада иммундық жасушалардың белсенді қызметімен, иммундық жауаптың қалыптасуымен байланысты. Демек, екпеден кейінгі ірі қара малының биохимиялық көрсеткіштерінде болатын өзгерістер қысқа мерзімдік және оның ағза үшін айтарлықтай әсерінің жоқ екендігі анықталды. Біздің бұл зерттеулер жануарлардың метаболизміне екпенің әсерін бағалаудың кешенді тәсілінің маңыздылығын және осы салада әрі қарай зерттеулер жүргізу қажеттілігін көрсетеді.








