ИТТЕРДІҢ ТҰҚЫМЫН САҚТАП ҚАЛУ ҮШІН ОЛАРДЫҢ ГЕРМОПЛАЗМАСЫН КРИОКОНСЕРВАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІНЕ ӘДЕБИ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb2025104315Кілттік сөздер:
иттер, гамета, криконсервациялау, сперматозоид, ооцит, жыныс бездері, криопротекторлар, баяу мұздату, витрификациялау.Аннотация
Соңғы бірнеше онжылдықта үй жануарларының жүздеген экзотикалық түрлері мен тұқымдары жоғалды. Сондықтан қауіп төнген басқа жануарлардың жойылып кетуін болашақта болдырмау үшін және олардың аман қалуын қамтамасыз ету үшін құтқару стратегияларын әзірлеу және оларды қолдану өте маңызды. Жойылып кету қаупі төнген жабайы және үй жануарларының тұқымын сақтап қалудың бір жолы - олардың гаметаларының криобанкін құрастыру болып табылады. Бұл әдеби шолудың мақсаты иттердің (Canis lupus familiaris) гаметалары мен жыныс бездерін криоконсервациялау әдістері туралы жаңа мәліметтер беру. Мұнда криоконсервациялау кезінде аталған жасушалар мен ұлпалардың құрылысына әсер ететін криозақымдану түрлері және зақымдану әсерлерінен жасушалардың функциональді бұзылыстары мен оларды болдырмаудың стратегиялық тәсілдері қарастырылады. Жасушаларды жеке және ұлпа түрінде криоконсервациялаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, сондай-ақ криоконсервациялаудың белгілі бір түрін таңдаудың дәлелдемелері мен негізгі принциптері анықталады. Әртүрлі талдау аспектілері мен бұл жануарлардың жасушаларын криоконсервациялаудағы кедергілер мен жақсы нәтиже алынған тұстары талқыланады. Бұл ұсынылған мәліметтер өз кезегінде болашақта осы әдістердің тиімді шешімдерін құрастыру үшін пайдалы болуы мүмкін.








