ТҰЗДЫ ШИКІЗАТТАРДЫ КОСМЕТОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР ӨНДІРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1061202610

Кілттік сөздер:

тұзды шикізаттар, табиғи қоспалар, косметологиялық өнім композициясы

Аннотация

Зерттеуде Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі тұзды шикізаттарды косметологиялық өндіріске пайдалудың артықшылықтары келтірілді.

Қазақстанның оңтүстік өңірі өсімдіктердің мол шикізаты мен тұзды көлдерге бай.  Каспий теңізінің маңында орналасқан, ас тұзының 39 млн тонна қорына бай, көлемі шамамен  73км алып жатқан Жақсықылыш көлінің тұзды шикізаттарының физика –химиялық қасиеттеріне жоғары дәлдіктегі құралдарда:колориметрлік, ИК-Фурье спектрлік, рентген сәулелерін дифракциялау әдістеріне сүйеніп жасалған зерттеу нәтижелері тұздардың басым бөлігі галидті тұздардан(NaCl үлесі 96,8±3,3%-98,4±2,4% аралығында), сондай ақ, натрийдің (Na2SO4) және кальцийдің сульфаттарының(CaSO4×2H2O), натрий силикатының (Na2SіO4)  біраз мөлшерінің кездесетінін көрсетті. Көлдің еденінен алынған балшықтың құрамының: судан-35-40%, сұйық фазалық құрамының ішінде: Na иондары -1,90−18,12%,S иондары-25,65 − 44,30%, Ca иондары -1,12−2,13%,Mg иондары -3,85−4,21, K иондары -0,73−1,1%, карбонат иондары – 0,22−0,5%, Cl иондары -1,91-3,21% аралығында болуы, сондай ақ, құрамында зиянды заттарының болмауы тұзды шикізаттарды косметологиялық өнімге шикізат ретінде толық пайдалануға жарамды етті. 

Қазақстанның оңтүстік өңірінде орныққан өсімдік сығындыларын Жақсықылыш көлінің тұзды шикізаттарымен құрмалау негізінде алғашқы 7 косметикалық өнімнің прототиптерінің, соның ішінде қауызға арналған тұзды коспаның 4 түрі, қол және аяқ саусақты нығайтып, дезодорациялаушы 3 тұзды-өсімдік экстрактыларының  теріге оң әсері, тұзды шикізаттарды өнім алуда толыққанды пайдалануға негіз болатын көрсетті.

Авторлардың биографисы

А.А. Абубакирова, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Шымкент қ., Қазақстан

А.А. Абубакирова – PhD, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13, e-mail:baikal79@mail.ru

А.У. Исаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент қ., Қазақстан

А.У. Исаева – биология ғылымының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,Тауке хан даңғылы 5, e-mail: akissayeva@mail.ru

А.Е. Тлеукеева, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент қ., Қазақстан

А.Е.Тлеукеева – PhD, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,Тауке хан даңғылы 5, e-mail: aseltleukeyeva@mail.ru

Как цитировать

Абубакирова, А. ., Исаева, А. ., & Тлеукеева, А. (2026). ТҰЗДЫ ШИКІЗАТТАРДЫ КОСМЕТОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР ӨНДІРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 106(1), 101–110. https://doi.org/10.26577/bb1061202610

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають