IЛЕ-БАЛҚАШ ӨҢІРІНДЕГІ ZYGOPHYLLUM FABAGO L. (ZYGOPHYLLACEAE) ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb202510438Кілттік сөздер:
Zygophyllum fabago L.; Zygophyllaceae; ценопопуляция; Іле-Балқаш өңірі.Аннотация
Мақалада Алматы облысының Іле-Балқаш өңіріндегі өсетін Zygophyllum fabago L. (Zygophyllaceae) популяцияларының экологиялық және биологиялық ерекшеліктері қарастырылған. Бұл түрдің ценопопуляцияларының қазіргі жағдайы, морфологиялық сипаттамалары, тіршілік формалары мен экологиялық реакцияларының тұзды және жартылай шөлді экожүйелер жағдайында бейімделуі талданған. Zygophyllum fabago L. популяцияларының флорасы 20 тұқымдас, 47 туыс және 71 түрден тұрады. Басым экологиялық топтар ксерофиттер (42,25%), мезоксерофиттер (28,17%) және мезофиттер (14,08%) болып табылады. Негізгі тұқымдастар: Chenopodiaceae (21,13%), Fabaceae (16,90%) және Asteraceae, олар бірге флораның 60,56%-ын құрайды. Зерттеу нәтижесінде Zygophyllum fabago L. тұзды топыраққа жоғары бейімділігі анықталып, оның топырақты тұрақтандыруда және биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқаратыны дәлелденді. Халық медицинада Zygophyllum fabago L. антисептиктік, қабынуға қарсы және жара жазатын құрал ретінде қолданылады. Zygophyllum fabago L. популяцияларының флорасына таксономиялық, экологиялық және географиялық талдау Іле-Балқаш өңірінің экожүйелерінің бірегейлігін атап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері бұл түрді сақтау және оның ресурстарын тұрақты пайдалану бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін айқындайды.








