ІЛЕ-БАЛҚАШ АЙМАҒЫНЫҢ СИРЕК ЖӘНЕ ЭНДЕМ ROSA ILIENSIS Chrshan. ТҰРЫМДАРЫН ӨНДІРУ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb202510213Кілттік сөздер:
Rosa iliensis, эндем, тұқымдар, лабораторлық өнгіштік, стратификацияАннотация
Бұл зерттеу Алматы облысы Балқаш ауданындағы Іле өзенінің жайылмасында жиналған сирек кездесетін және эндем Rosa iliensis Chrshan. тұқымдарының өнгіштігін зерттеуге бағытталған. Тұқымдарды суық стратификация түріндегі алдын ала өңдеудің және тұқымды өндіру жағдайларының әсері дәстүрлі әдістерін қолдану арқылы зерттелді.
Табиғи популяциялардан R. iliensis жемістері 2024 жылдың тамыз айының ортасында жиналды. Содан кейін жемістер 2 апта бойы кептіріліп, қағаз пакеттерде +4°C температурада сақталды. Әр жемісте оның өлшеміне байланысты 12-ден 22-ге дейін тұқымм болды. Тұқымның түсі – ақшыл сары. MARViN ProLine II тұқым анализаторының көмегімен тұқымдардың орташа ұзындығы (3,4 ± 0,4 мм) мен ені (1,7 ± 0,2 мм) өлшеніп, және 1000 дана тұқым салмағы (4,66 г) анықталды. Суық стратификацияның ұзақтығын анықтау үшін R. iliensis тұқымдары «Белизна» ағартқышының 1:1 әлсіз ерітіндісімен 20 минут бойы өңделіп, кейін 0,7-1 см тереңдікте пластик стакандардағы ылғалды перлитке отырғызылып, +4°С температурада 5-6 апта бойы ұстадық. Кейін стратификациядан өткен тұқымдарды ылғалды перлитте +24°С температурада, 16 сағаттық фотопериодта өндірдік. ...