АҚСУ ӨЗЕНІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БӨЛІГІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ (ШУ ӨЗЕНІ БАССЕЙНІ, ҚАЗАҚСТАН)

Авторлар

  • Е.Т. Сансызбаев ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-9405-2463
  • С.Е. Шарахметов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0001-7278-5351
  • Ф.Т. Амирбекова ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-7216-4464

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510219
        59 42

Кілттік сөздер:

Ақсу өзені, балықтар қауымдастығы, ұқсастық, бөгде түрлер, трансшекаралық өзен

Аннотация

Трансшекаралық өзендердің ихтиофаунасын зерттеу экожүйені сақтауда, балық ресурстарын тұрақты басқаруда және олардың популяцияларын қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады. Бұл зерттеулер балық түрлерін қорғау, олардың сарқылуын болдырмау және экожүйелер мен адам әрекетінің үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз ету бойынша тиімді шараларды әзірлеуге көмектеседі. Мақалада Ақсу өзенінің қазақстандық бөлігінің негізгі гидрохимиялық сипаттамалары, ихтиофаунасының алуантүрлілігі, учаскелер бойынша түрлердің кездесу жиілігі, алуантүрлілік көрсеткіштері мен ұқсастық индекстері сияқты мәліметтер келтірілген. 2023-2024 жылдары жүргізілген ихтиологиялық зерттеулер бойынша Ақсу өзенінің таксономиялық құрамы 9 түрді құрады. Олардың 3 түрі аборигенді, 6 түрі бөгде түрге жатады. Аборигенді түрлер:  сібір тортасы Rutilus lacustris (Pallas, 1814), шығыс тыраны Abramis brama orientalis Berg, 1949, түркістан теңге-балығы Gobio lepidolaemus (Kessler 1872). Бөгде түрлер: амур шабағы Pseudorasbora parva (Temminck et Schlegel, 1846), бозша мөңке Carassius gibelio (Bloch, 1782), кекіре Rhodeus sericeus (Pallas 1776), өзен абботинасы Abbottina rivularis (Basilewsky, 1855), медака Oryzias latipes (Temminck et Schlegel, 1846) және бұзаубас-балық Rhinogobius sp. ...

Авторлардың биографисы

Е.Т. Сансызбаев, ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Қазақстан, Алматы қ.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты, ЖШС Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, ихтиология зертханасының меңгерушісі (Сүйінбай даңғылы 89а, Алматы, Қазақстан, sansyzbaev_erbol@mail.ru)

С.Е. Шарахметов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы (әл-Фараби даңғылы 71, Алматы, Қазақстан, sharakhmetov@gmail.com)

Ф.Т. Амирбекова, ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Қазақстан, Алматы қ.

PhD, ЖШС Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғылыми қызметкері (Сүйінбай даңғылы 89а, Алматы, Қазақстан, faryz-91@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Сансызбаев, Е., Шарахметов, С., & Амирбекова, Ф. (2025). АҚСУ ӨЗЕНІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БӨЛІГІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ (ШУ ӨЗЕНІ БАССЕЙНІ, ҚАЗАҚСТАН). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 102(1), 106–114. https://doi.org/10.26577/bb202510219

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають