CHENOPODIACEAE (AMARANTHACEAE S.L.) ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ДОМИНАНТ ТҮРЛЕРІНІҢ АССИМИЛЯЦИЯЛЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.02
        71 48

Кілттік сөздер:

Salsоlоideae, Suaedоideae, Chenоpоdiоideae, анатомиялық құрылым, кранц жа- сушалар, аридты аумақтар, C4 фотосинтез

Аннотация

Chenopodiaceae тұқымдасы - жер шарындағы аридты территориялардың ең үлкен және ежелгі тұқымдастарының бірі. Көптеген шөлді қауымдастықтардың доминанттары мен эдификаторлары болып табылатын тұқымдас өкілдері өсімдік жамылғысының қалыптасуында, әсіресе Salsoloideae тұқымдастармағы түрлері маңызды рөл атқарады. Chenopodiaceae түрлерінің анатомиялық құрылымының ерекшелігі Кранц жасушаларының болуы. Дикарбон қышқылдарының C4 - циклі деп аталатын бастапқы карбоксилденудің арнайы жолының ашылуы биохимиялық және анатомиялық зерттеулердің қарқынды дамуына әкелді. Chenopodiaceae тұқымдасының C4 фотосинтез түрі бар түрлердің ең көп саны, сондай-ақ C4 типті жапырақ анатомиясының ең көп әртүрлілігі бар екені белгілі. Зерттеудің мақсаты-аридты жерлерде өсетін Chenopodiaceae тұқымдасының доминант түрлерінің анатомиялық құрылымының ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу нысандары аридты жерлерде өсетін Chenopodiaceae тұқымдасының түрлері болып табылады. Ассимиляциялық органдардың анатомиялық құрылымын зерттеу олардың келесі түрлерін анықтады: Cоrispermоid-type; Ventrо-dоrsal type; Kоchiоid-type; Atriplicоid-type; Salsina-type; Shоberia-type; Salsоlоid-type; Climacоptera-type. Atriplex dimorphostegia түрінің анатомиялық құрылымы бойынша нақтылау жасалды. Haloxylon aphyllum Кранц-вентродорсальды типтен Салсолоид типіне ауыстырылды. Salsola sogdiana және Caroxylon nitrarium түрлері үшін жапырақтың егжей-тегжейлі анатомиялық құрылымы алғаш рет сипатталды.

Авторлардың биографисы

П.В. Веселова, Институт ботаники и фитоинтродукции, г. Алматы, Казахстан

Веселова Полина Васильевна – биология ғылымдарының кандидаты, Ботаника және фитоинтродукция институтының Жоғары сатылы өсімдіктер флорасы зертханасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан, е-mail: be96ka_kz@mail.ru)

А.А. Алиханова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Алиханова Аружан Ағайдарқызы – Ботаника және фитоинтродукция институтының өсімдіктер әлемі кадастры зертханасының кіші ғылыми қызметкері және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, е-mail: aruzhan.alk@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Веселова P., & Алиханова A. (2024). CHENOPODIACEAE (AMARANTHACEAE S.L.) ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ДОМИНАНТ ТҮРЛЕРІНІҢ АССИМИЛЯЦИЯЛЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 100(3), 19–32. https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.02