ГОРМОНАЛДЫ ҚАН САРЫСУЫН САҚТАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар

  • К.К. Еркекулова КЕАҚ М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент https://orcid.org/0009-0003-1823-5043
  • Н. Алибаев КЕАҚ М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент https://orcid.org/0000-0002-1347-4147
  • К.Е. Жузжан С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ-Ұлттық медициналық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0002-2358-9626

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a10
        22 9

Кілттік сөздер:

гонадотропин, эндокринология, гормон, гормональды препарат, жануар, қан сарысуы, консервация

Аннотация

Бұл мақалада буаз бие қан сарысуның гормоналды құрамын сақтау әдістерінің тиімділігі мен әсері зерттелді. Гонадотропты қан сарысуының жоғары шоғыры негізінен буаз бие қан сарысуында байқалды. Сондықтан, буаз биелерден қан сарысуын бөліп алу көлемі осы гормондарды алу мүмкіндігін арттырады. Буаз бие қа нынан гонадотропты сарысуды бөліп алудың әртүрлі тәсілдері қолданылды және олардың тиімділігі зерттелді. Буаз бие қанынан гонадотропты сарысуды бөліп алуда лимон қышқылды ерітінділерді қолдану (5%-7,5%) ең тиімді тәсіл ретінде анықталды. Қан сарысуын бөліп алуды жылдамдататын жаңа технология ауылшаруашылығы биотехнологиясына енгізген жағдайда гонадотропты белсенділігі жоғары гормональды сарысу көлемін орташа есеппен 55,8±0,5% жоғарылатады, дәстүрлі әдістерге қарағанда 9,1±0,9% артықшылығы байқалады. Ең жаңаша жетістік алғашқы рет буаз бие қан сарысуын бөліп алу технологиясына лимон қышқылды ерітіндіні қолдану тәртібі енгізілді. Бұл жетілдірілген тәсіл буаз бие қанынан сарысуын бөліп алу процессін жылдамдатады және көлемін 1,7±0,1 есеге арттырады. Сонымен қатар әртүрлі ерітінділер арқылы алынған қан сарысуының гонадотропты белсенділігі салыстырылды. Буаз бие қанынан сарысуды бөліп алу үшін қолданылған ерітінділер алынған гормональды препараттың белсенділігіне тигізер әсері жоғары болатындылығы анықталды және қан сарысуының белсенділігі 144,5 МЕ/мл – 244,7 МЕ/мл аралығында болды. Жалпы лимон қышқылы ерітіндісі арқылы алынған қан сарысуының гонадотропты белсенділігі ацетил қышқылды және хлорлы натрий ерітінділерімен алынған сарысуларға қарағанда жоғары болды, лимон қышқылымен алынған сарысудың белсенділігі 80,5 МЕ/мл – 100,2 МЕ/мл артық болды. Бұл зерттеулер буаз бие қанынан гонадотропты гормондарды тиімді әрі жылдам бөліп алу үшін лимон қышқылды ерітінділерді қолданудың артықшылығын дәлелдеді.

Авторлардың биографисы

К.К. Еркекулова, КЕАҚ М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент

Еркекулова Калия Кудайкуловна – докторант кафедры «Биотехнология» Южно-Казахстанского университета им. М. Ауэзова; (Шымкент, Казахстан, e-mail: ekk.33@mail.ru)

Н. Алибаев, КЕАҚ М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент

Алибаев Н – доктор сельскохозяйственных наук, профессор кафедры «Биотехнология» Южно-Казахстанского университета им. М. Ауэзова, (Шымкент, Казахстан e-mail: nuradinkz@mail.ru)

К.Е. Жузжан, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ-Ұлттық медициналық университеті, Қазақстан, Алматы

Жүзжан К.Е. - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ-Ұлттық медициналық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, kalia.erkekulova@gmail.com )

Жүктелулер

Как цитировать

Еркекулова, К., Алибаев, Н., & Жузжан, К. (2024). ГОРМОНАЛДЫ ҚАН САРЫСУЫН САҚТАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 101(4), 128–136. https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a10