БАРСАКЕЛМЕС МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ ФЛОРАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a2Кілттік сөздер:
Барсакелмес, флора, табиғи қорық, эндемиктер, сирек түрлерАннотация
Барсакелмес қорығының флорасы аридті климаттың қатал жағдайларына бейімделген әралуан өсімдіктер түрлерінен құралған. Барсакелмес табиғи қорығы 1939 жылы құрылғаннан бастап Тұран жазығы солтүстік шөлдерінің биоалуандық пен ландшафтты құрылымының эталоны ретінде экожүйелерді табиғи жағдайда қорғауды қамтамасыз етуде. 2006 жылы территорияға Арал теңізінің құрғаған табаны мен Қасқақұлан учаскесі қосылғаннан кейін қорық аумағы кеңейді. Ал, 2020 жылы қорыққа Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құятын бөлігінде орналасқан аумағы 2300 гектардан тұратын «Дельта» учаскесі қосылды. Сәйкесінше, Барсакелмес қорығының флорасы өзгеріске ұшырады. Бұл мақалада зерттеу жұмыстарының егжей-тегжейлігіне және жаңа кластерлік учаскелердің қосылуының нәтижесіндегі зерттеу аумағының кеңеюіне байланысты флораның таксономиялық құрамындағы өзгерістерді көрсететін мәліметтер келтірілген. Қазіргі кезде Барсакелмес қорығының флорасы 51 тұқымдас және 197 туысқа жататын түтікті өсімдіктердің 343 түрі мен түршелерінен тұрады.