ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРТІС ӨЗЕНІ ӨҢІРІНІҢ СҮТҚОРЕКТІЛЕРІ: ЭКОЖҮЙЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР, ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК БҰЗЫЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb202510329Кілттік сөздер:
Ертіс, сүтқоректілер, экожүйелік қызметтер, экономикалық құндылық, антропогендік бұзылуы, сақтау, биоалуантүрлілікті сақтауАннотация
Бұл мақалада Ертіс өзені жайылмасының экожүйесіндегі сүтқоректілердің экожүйелік қызметтері және шаруашылық маңызы қарастырылды, сонымен қатар, аймақтағы антропогендік бұзылулардың дәрежесі бағаланды. 2023 жылдың ақпан-қазан айлары аралығындағы дала жұмыстары сүтқоректілердің белсенділігін бақылауды және Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы екі учаскенің – Қара Ертіс және Ақ Ертіс аймағының 7 аймағы бойынша биоәртүрлілікті бағалауды қамтыды. Зерттеу нәтижесінде Ертіс өзенінің аңғарында мекендейтін сүтқоректілердің 87 түрі 245 экожүйелік қызмет атқаратыны анықталды. Экожүйелік қызметтерді атқаруда ең көп үлесті Кеміргіштер (65,7%) қосады, бұл аймақта кездесетін түрлердің ең көп санына байланысты болуы керек. Зиянкестердің санын бақылауды және жануарлар мен адам популяциясының денсаулығын қадағалау бойынша негізгі үлесті Жыртқыштар мен Жәндікқоректілер қамтамасыз етеді (тиісінше 37% және 31,5%), ал топырақ құнарлығы көп мөлшерде Китжұптұяқтылармен (33%) реттеледі. Көптеген экожүйе қызметтерін сирек және ауланатын сүтқоректілер атқарады. Олардың экономикалық құндылығын есептеу негізінде екі зерттелетін аумақта ауланатын және сирек кездесетін сүтқоректілердің жекелеп санының жойылуынан келтірілген шығын 43 392 445 теңгені құрайтыны анықталды. Бұл түрлердің жоғары экономикалық әлеуетін ескере отырып, Қазақстандағы Ертіс өзені жайылмасының экономикалық маңызы жоғары екенін дәлелдейді. Негізгі компоненталардың талдауы (Principal Component Analysis, PCA) және антропогендік бұзылулар индексін (Anthropogenic Disturbance Index, ADI) есептеу нәтижесінде Қара Ертіс аймақтары үшін ADI индексі Ақ Ертіске қарағанда айтарлықтай төмен (тиісінше 1,15±0,1 vs 1,84±0,17) екені анықталды. Қара Ертістегі үшінші аймақ ең аз бұзылуға ие және зерртеу аумағындағы биоәртүрлілікті сақтау үшін ең маңызды деп санауға болады. Жалпы, Ертіс өзенінің жайылмасындағы сүтқоректілер маңызды экожүйе қызметтерін атқарады және олардың экономикалық және экожүйелік маңызы жоғары. Аймақта антропогендік бұзылыстың болуы Ертіс өзенінің жайылмасының сүтқоректілерін сақтау және ұтымды пайдалану, оның ішінде қоршаған ортаның деградациясының және адамның шаруашылық әрекетінің салдарын жеңілдету бойынша стратегияларды құру қажеттілігін көрсетеді.