БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫ ШЕГІНДЕГІ БАЙРАҚТЫ ҚАЙЫҢ ОРМАНДАРЫ МАКРОМИЦЕТТЕРДІҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.05Кілттік сөздер:
макромицеттер, қайың ормандары, Жайық өзені аңғары, Батыс Қазақстан облысы, түрлік құрамы, биоалуантүрлілікАннотация
Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау мәселелері қазіргі биологияның өзекті мәселелері болып қала береді. Бүгінде әртүрлі тірі ағзалардың таралуы мен кездесуі туралы мағлұматтардың зерттеу дәрежесі әлі де біркелкі емес. Осындай қарқынды, түбегейлі зерттеуді қажет ететін алуан түрлі және маңызды топтардың бірі - саңырауқұлақтар. Алынған нәтижелер Қазақстан аумағында әлі күнге дейін мәліметтер жеткіліксіз және фрагменттік болып табылатын Жайық өзені аңғары байрақты қайың ормандары макромицеттерінің алуантүрлілігін тануға елеулі үлес қосады.
Мақалада Батыс Қазақстан облысы шегіндегі Жайық өзенінің сол жағалауында ғана таралған байрақты қайыңды ормандары микобиотасының биоалуантүрлілігі туралы деректер қамтылған. Зерттеу нәтижелері негізінде бүгінгі таңда биотада 6 қатар, 17 тұқымдас және 26 туысқа біріккен 43 түр анықталды. Жетекші тұқымдастарды Polyporaceae, Russulaceae, Pluteaceae, Amanitaceae, Strophariacea құрайды. Қайың ормандары микобиотасын трофикалық талдау ксилотрофтардың әртүрлілігі жоғары екенін көрсетті – 25 түр. Ксилотрофтардың басым бөлігі Fomitopsidaceae, Polyporaceae, Pluteaceae, Strophariaceae тұқымдасының негізгі өкілдері. Микориза түзушілер тобы 15 түрді құрап, ксилотрофтардан кейінгі орында. Микоризатүзушілер тобы Amanitaceae, Boletaceae, Russulaceae, Paxillaceae тұқымдастарына жатады.
Қайың ормандарындағы макромицеттердің түрлік құрамы терең сайлардың түптерінде таралған қайыңды алқапта бай екендігі анық байқалады. Әртүрлі экспозициялардың беткейлерінде, сайлардың тарамдарында және эрозиялық беткейлерде өсетін қайың ормандарында макромицеттердің түрлік әртүрлілігі азаяды. Ал жаңа пионер жерлерде, мысалы, Жайық өзенінің байырғы жағасының етегінде саңырауқұлақтардың түрлік құрамы әлдеқайда кедей екенін көре аламыз. Байрақты қайың ормандарындағы макромицеттердің әртүрлілігін зерттеу, микобиотаның таксономиялық құрылымын анықтау зерттеу аймағы үшін алғаш рет жүргізілді.