ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕГІ ӨСІМДІКТЕРДІ КОСМЕТОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ АЛУҒА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a11
        39 19

Кілттік сөздер:

дәрілік өсімдіктер, өсімдік экстракциясы, косметологиялық өнім композициясы, сынақтау

Аннотация

Қазақстанның оңтүстігіндегі өсімдік шикізат қорларын косметологиялық өнім алу мақсатында пайдаланудың биотехнологиялық мүмкіндіктерін зерттеудің нәтижелері келтірілген.  Осы күнгі экологиялық таза, биологиялық активті және минералды заттарға бай өсімдіктектес  табиғи сипаттағы косметологиялық өнімдерге сұраныс күн сайын артуы Қазақстанның  оңтүстік өңірінде орныққан  алуантүрлі дәрілік өсімдіктерді шикізат ретінде пайдалану мүмкіндіктерін  зерттеуге негіз болды. Нәтижесінде, Қазақстанның оңтүстік өңір флорасында геоморфологиялық құрылымдарда орныққан, Amarantaceae, Asteraceae, Poaceae, Fabaceae, Zygophyllaceae, Caryohhollaceae, Brassicaceae, Primulaceae, Plumbaginaceae, Plantaginaceae, Cyperaceae, Poligonaceae, Indaceae, Juncaceae  тұқымдастарының өкілдерінің ішіндегі 13 дәрілік өсімдік түрлері косметология мүддесіне қажетті деп танылып, косметологиялық өнім композициясын құруға үш мақсатта пайдалану көзделді.  Олардың 8 түріне HS-SPME  коэффициенті бойынша бағалау және хромотографиялық әдіс арқылы жасалынған толық биохимиялық сараптамалар негізінде табылған бағалы  176 - 206 органикалық қосылыстары  өсімдік экстракцияларын косметикалық өнімдерде пайдалануға жарамды  ете алды. Косметология саласында орныққан және көптеген әлемдік бренттердің тәжірибесіне сай өсімдіктердің бағалы органикалық қосылыстары бар өсімдік шиізаттарының экстракциялары негізінде косметологиялық өнімдердің алғашқы прототиптері алынып,  сараптама жасалды, оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Авторлардың биографисы

А.А. Абубакирова, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Қазақстан, Шымкент қ.

Абубакирова Ажар (сәйкес автор) - PhD, аға оқытушы, «Биология» кафедрасы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, (Шымкент қ. Қазақстан, e-mail: azhar.baikal79@mail.ru )

А.У. Исаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Қазақстан, Шымкент қ.

Исаева Акмарал Умирбековна - б.ғ.д.,профессор «Биотехнология» кафедрасы М.Әуезов атындағыОҚУ,( Шымкент қ., Қазақстан е-mail:akissayeva@mail.ru)

А.Е. Тлеукеева, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Қазақстан, Шымкент қ.

Тлеукеева Асель Ержановна - PhD, аға оқытушы, «Биотехнология» кафедрасы М.Әуезов атындағыОҚУ,( Шымкент қ.,Қазақстан е-mail: aseltleukeyeva@mail.ru)

А.А. Успабаева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Қазақстан, Шымкент қ.

А.А. Успабаева - б.ғ.к., доцент м.а. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, «Биология» кафедрасы (Шымкент қ. Қазақстан, e-mail: uspabaeva73@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Абубакирова, А. ., Исаева, А. ., Тлеукеева, А., & Успабаева, А. . (2024). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕГІ ӨСІМДІКТЕРДІ КОСМЕТОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ АЛУҒА ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 101(4), 137–146. https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a11