ПСИХИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a15Кілттік сөздер:
шартты рефлекс, түйсіл, психиканың эволюциясы, психиканың пайда болуы, психиканың табиАннотация
Психиканың пайда болуы — биология мен психологиядағы мен негізгі мәселелерің бірі болып табылады. Оның жауабы жалпы психиканың не екенін түсінуімен тығыз байланысты.
Бұл мақаланың мақсаты — эволюция барысында психика қашан және қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру және сол арқылы психика ұғымын нақтылау.
Осы мақалада теориялық талдау, жалпылау және психикалық модельдеу әдістері қолданылады.
Барлық тірі организмдер психикаға ие емес. Сыртқы әлеммен өзара әрекеттесудің бұл әдісі эволюцияның белгілі бір кезеңінде пайда болады және қажетті күрделілік деңгейіне жеткен жүйке жүйенің болуын талап етеді. Психика табиғатта алғаш рет сезімталдықпен бірге пайда болады (түйсік түрінде). Түйсік — бұл шартсыз және шартты тітіркендіргіштер арасында шартты байланыс орнатудың психикалық процесі. Физиологиялық деңгейде шартты байланыстар шартты рефлекстермен қамтамасыз етіледі. Шартты рефлекстер белгілі бір дәрежеде дамыған жүйке жүйесін талап етеді. Ең төменгі талаптарға сай жүйке жүйесі бар жануарлардың алғашқысы болып жалпақ құрттар табылады. Осы организмдерден бастап эволюцияның барысында психиканың пайда болғаның болжауға болады.
Психика — организмдер қолданатын бейнелеу мен өзара әрекеттесу формаларының дамуының биологиялық эволюциялық жолындағы кезең. Психиканың табиғатын биология деректерімен бірге қарастыру оның шекараларын неғұрлым нақты анықтауға, оның мәнін түсінуге және оның пайда болуын сипаттауға мүмкіндік береді.