БАТЫС ТЯНЬ-ШАНЬ, ШАҚПАҚ АСУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҮКІНІҢ BUBO BUBO ҚОРШАҒАН ОРТАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН GPS/GSM ТЕЛЕМЕТРИЯ АРҚЫЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb202510328Кілттік сөздер:
үкі, құс экологиясы, түнгі құстар, GPS телеметрия, GSM таратқышы, тіршілік ету ортасын пайдалану, құстарды қорғауАннотация
Бұл зерттеу Батыс Тянь-Шаньда орналасқан Шақпақ асуындағы үкінің (Bubo bubo) тіршілік ету ортасы мен мінез-құлқын түсінуге арналған. Жұмыстың мақсаты-түрдің экологиялық жағдайларға бейімделуін зерттеу және оны қорғау талаптарын анықтау. Құс қозғалысын талдау үшін GPS/GSM телеметриясын алғаш рет қолданылды. Қондырғы деректері үкі экологиясы мен қозғалу ерекшелігін, аң аулауы мен тіршілік ету ортасын пайдалануы туралы жан-жақты түсінік береді. Зерттеу нәтитжесі түрдің әртүрлі мекендеу орындарына бейімделу қабілетін көрсетеді және үкінің өмір сүру стратегиясы мен тіршілік ету ортасын түсінуге ықпал етеді. Зерттеу жұмысының құстар экологиясын түсіну мен табиғатты қорғауда практикалық маңызы бар.