АҚСУ ҚАЛАСЫ (ПАВЛОДАР АУДАНЫ) САЯБАҚТАРЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ КӨШЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.01Кілттік сөздер:
қала, саябақ, көгалдандыру, түр, тіршілік жағдайыАннотация
Бұл мақалада ағаштар мен бұталардың жағдайын бағалай отырып, Павлодар облысы Ақсу қаласының саябақ аумақтарындағы жасыл желектерді түгендеу нәтижелері келтірілген. Бар бес саябақтың әрқайсысына талдау жүргізілді, өсімдіктердің түрлері, жасы және тіршілік жағдайы анықталды, саябақтардың көшеттеріне салыстырмалы бағалау жүзеге асырылды. Түрлер мен жас құрамы бойынша ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің тіршілік жағдайының критерийлері бойынша да айырмашылықтар анықталды. Ең тұрақты өсімдіктер қауымдастығы Орталық саябақта және Баран бақшасында орналасқан, бұлар ауданы бойынша қаланың ең үлкен саябақ аумақтары. Ауданы аз саябақтарда бұзылған, тепе-теңдік жағдайынан шығарылған қауымдастықтардың көрсеткіштері байқалады. Мәселен, Мәметова мен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан саябақта азайған түрлер құрамы, монодоминанттылықтың жоғары деңгейі байқалады, тіршілік жағдайы бойынша көрсеткіштер орташа және қатты зақымдалған көшеттердің салыстырмалы түрде жоғары үлесімен сипатталады.