ІЛЕ-АЛАТАУ МҰТП PENTATOMOMORPHA II (HETEROPTERA) ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2023.v95.i2.012Кілттік сөздер:
Жартылай қаттықанаттылар, Heteroptera, фауна, Іле Алатауы МҰТПАннотация
Мақалада авторлардың Іле-Алатау МҰТП аумағында 2020-2021 жылдары жүргізген зерттеулерінің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу жұмыстары парктегі Жартылай қаттықанаттылардың фаунасы, биологиясы және экологиясына арналған. Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар - бұл практикалық маңызы бар жәндіктердің ең үлкен тобы. Іле-Алатау МҰТП-да Жартылай қаттықанаттылар кең таралған. Материалды жинау кезінде стандартты энтомологиялық әдістер қолданылды - энтомологиялық сүзгімен жинау, ұсақ жәндіктерді эксгаустермен аулау, түнде жасанды жарық көзіне, қолмен жинау және т.б. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы далалық ғылыми зерттеулер нәтижесінде Pentatomomorpha II инфраотрядының Жартылай қаттықанаттылардың 6 тұқымдасына жататын 26 түрі анықталды. Олардың ішінде Rhopalidae тұқымдасынан - 9 түр, Coreidae – 6 түр, Acanthosomatidae – 4 түр, Alydidae және Cydnidae – әрқайсысынан 3 түрден, ал Plataspidae тұқымдасынан тек 1 түрі белгілі. Іле-Алатау МҰТП-нің қандалалары тіршілік формалары бойынша 7 топқа бөлінеді: хортобионттар (15 түр), эврихортобионттар (1 түр), дендробионттар (4 түр), дендро-тамнобионттар (2 түр), герпетобионттар (2 түр), герпето-хортобионттар (1), гео-герпетобионттар (1 түр). Қоректенуіне байланысты олар фитофагтарға (29 түр, оның ішінде полифитофагтар – 13 түр, кең олигофитофагтар – 10 түр, тар олигофитофагтар – 3 түр) жатады. Іле-Алатау МҰТП-нің жартылай қаттықанаттылары жылына беретін ұрпақтар саны бойынша 3 топқа бөлінеді: моновольтинді – 16 түр, бивольтинді – 7 түр, жылына 2-3 ұрпақ беретін - 3 түр. Зерттеу аймағында 23 түр - мезофилдер, 3 түрі – мезо-ксерофилдер. Зерттеу аймағында жартылай қаттықанаттылар арасында ересек сатысында 23 түр, дернәсіл сатысында – 1 түр, жұмыртқа сатысында - 1 түр, жұмыртқа және дернәсіл сатысында - 1 түрі қыстайды.
Библиографиялық сілтемелер
Asanova R. B., Isakov B. V. harmful and useful semi-hard-winged (Heteroptera) of Kazakhstan. Determinant. Alma-Ata: Kainar publishing house, 1977, 204 P.
Chernova G.P. New palearctic species of the family. Coreidae (Heteroptera). // Entomol. obozr. – 1979. – Vol. 58. – Issue 3. – pp. 578-581.
Chernova N.M., Bylova A.M. Ecology. “Enlightenment”. – M., 1988. – 272 p.
Fasulati K.K. Field study of terrestrial invertebrates. – M., 1971. – 424 p.
Kerzhner I.M. 1998. On the genus Maccevethus Dallas (Heteroptera: Rhopalidae) // Zoosystematica Rossica. Vol. 7. No. 1. P. 76.
Kerzhner I.M. New and little-known hemiptera (Heteroptera) from Kazakhstan and other regions of the USSR // Tr. Zool. institute of the USSR Academy of Sciences. (New species of insects of the fauna of Kazakhstan). – 1964. – Vol. 34. – pp. 113-130.
Kirichenko A.N. Methods for collecting true Hemiptera and studying local faunas. – M.-L., 1957. – Publishing house of the Academy of Sciences of the USSR. – 124 p.
Moulet P. Hemipteres Coreoidae, Pyrrhocoridae et Stenocephalidae Euro-Mediterraneens. // Federation Franciaise des societies de sciences naturalles. – Paris, 1995. – T. 81. – 336 p.
Neymorovets V.V. Supplement to the fauna of hemiptera (Heteroptera) Krasnodar Territory and the Republic of Adygea // Entomol. Review – 2003. – Vol. 82. – Issue 3. – pp. 584-589.
Pajitnova Z. A. to the knowledge of Real semi-rigid wings (Hemiptera-Heteroptera) of the Arch Reserve Guralash // TR. Central Asian State University. Univ. – 1952. – Ed. 32. – P.34-59.
Paliy, V.F. Methods of studying the fauna and phenology of insects / V.F. Paliy. – Voronezh, 1970 .-- S. 1-192.
Puchkov V. G. Kraeviki // Fauna Of Ukraine. – Vol. 21. – Issue 2. – Kiev, ED. of the Academy of Sciences of the Ukrainian SSR, 1962. – 163 P.
Puchkov V.G. Bedbugs, or true hemiptera // Beet breeding. -1959. – Vol. 3. – Part 1. – pp. 263-277.
Puchkov V.G. Hemiptera of the family Rhopalidae (Heteroptera) of the fauna of the USSR. – L.: Nauka. 1986. – 132 p.
Puchkov V.G. On the ecology of little-known species of hemiptera (Heteroptera) of the European part of the USSR. Message
III. Vestn. zool. – 1967. – No. 5. – pp. 66-69.
Puchkov V.G. Shchitniki // Fauna of Ukraine. – Vol. 21. – Vip. 1. – Kiev: View. AN URSR, 1961. – 339 p.
Puchkov V.G. Shields of Central Asia (Hemiptera, Pentatomoidea). – Frunze: Ilim, 1965. – 329 p.
Vinokurov N.N. Insects of hemiptera (Heteroptera) Yakutia. – L.: Nauka, 1979. – 232 p.
Yakhontov V.E. Ecology of insects. – M., 1969. – 488 p.
Zool. journal. – 1972. – Vol. 51. – Issue 2. – pp. 214-219.Kerzhner I.M. Elasmucha Stal (Heteroptera, Acanthosomatidae) species species. Zool. journal. – 1972. – Vol. 51. – Issue 2. – pp. 214-219.