ҚОРҒАСЫН АЦЕТАТЫМЕН УЛАНҒАН КЕЗДЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ШОКОЛАД ТҰТЫНҒАН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ АНТИОКСИДАНТТЫҚ КҮЙІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb2025103212
        2 4

Кілттік сөздер:

антиоксиданттық күй, шоколад, бие сүті, ресвератрол, Е дәрумені, токсикалық улану

Аннотация

Мақалада бие сүті негізінде дайындалған, ресвератрол мен Е дәрумені қосылған мамандандырылған шоколадты тұтынған жануарлардың антиоксиданттық күйін бағалауға бағытталған эксперименттік зерттеу нәтижелері баяндалады. Зерттеу барысында егеуқұйрықтарға 30 күн бойы асқазан ішіне қорғасын ацетаты енгізілгеннен кейін, олардың қан сарысуында липидтердің асқын тотығу процестерінің күшеюі байқалды. Бұл өзгерістер липидтердің асқын тотығу өнімдері – малонды диальдегид пен диенді конъюгаттардың деңгейінің артуымен сипатталды. Сонымен қатар, қан сарысуында Е дәруменінің және жалпы антиоксиданттық белсенділіктің төмендеуі тіркелді.

Липидтердің пероксидті тотығуының күшеюі каталаза белсенділігінің артуымен және супероксиддисмутаза белсенділігінің төмендеуімен қатар жүрді. Көрсеткіштердегі өзгерістердің барлығы статистикалық тұрғыда маңызы бар нәтижелер ретінде анықталды. Антиоксиданттық күйдің нашарлауы жануарлар рационын антиоксиданттық қасиеті жоғары өнімдермен немесе заттармен байытудың қажеттілігін көрсетті.

Зерттеу барысында қорғасын ацетатымен уланған егеуқұйрықтардың антиоксиданттық күйіне бие сүтімен, ресвератролмен және Е дәруменімен байытылған мамандандырылған шоколадтың әсері бағаланды. Эксперименттің 30-күндік кезеңі аяқталғаннан кейін жануарларға тәулігіне 5 грамм шоколад берілген жағдайда, олардың антиоксиданттық күйінің жақсарғаны анықталды. Бұл қан сарысуында асқын тотығу өнімдерінің төмендеуімен, супероксиддисмутаза белсенділігінің жоғарылауымен, каталаза белсенділігінің қалыпқа келуімен, сондай-ақ Е дәрумені мен жалпы антиоксиданттық белсенділік деңгейінің артуымен көрініс тапты.

Алынған нәтижелер шоколадтың липидтердің асқын тотығу процестері мен антиоксиданттық жүйенің қызметіне оң әсер ететінін көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері мамандандырылған шоколадты қорғасын тұздарымен уланудың алдын алу шараларының бірі ретінде қолданудың тиімділігі мен мақсатқа сәйкестігін дәлелдейді.

Авторлардың биографисы

Ғ.Р. Смағұл , Алматы технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан

Алматы технологиялық университеті, Тағамдық биотехнология кафедрасының PhD докторанты, Төле би көшесі 100, Алматы, Қазақстан. (e-mail: s.galiya_22@mail.ru)

Ю.А. Синявский , «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС, Алматы, Қазақстан

Биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тамақтану академиясының вице-президенті, Клочков көшесі 66, Алматы, Қазақстан. (e-mail: sinyavskiy@list.ru)

Д.Н. Туйгунов, «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС, Алматы, Қазақстан

Биотехнология магистрі, Қазақ тамақтану академиясының ғылыми қызметкері, Клочков көшесі 66, Алматы, Қазақстан. (e-mail: dilyar117@gmail.com)

Е.Н. Омаров, «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС, Алматы, Қазақстан

Экономика ғылымдарының магистрі (маркетинг), Қазақ тамақтану академиясының ғылыми қызметкері, Клочков көшесі 66, Алматы, Қазақстан. (e-mail: yerzhan_omarov@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Смағұл G. ., Синявский Y., Туйгунов D. ., & Омаров Y. . (2025). ҚОРҒАСЫН АЦЕТАТЫМЕН УЛАНҒАН КЕЗДЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ШОКОЛАД ТҰТЫНҒАН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ АНТИОКСИДАНТТЫҚ КҮЙІН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 103(2), 150–158. https://doi.org/10.26577/bb2025103212

Шығарылым

Бөлім

ФИЗИОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА И ЖИВОТНЫХ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають