Жұмсақ бидайдың қатты қара күйе ауруына төзімділігінің генетикасы
Ключові слова:
бидай, сорт, қатты қара күйе, қоңыр тат, ген, моносомик, локализация, идентификация.Анотація
Қатты қара күйе ауруына қарсы әрекеттердің тиімді тәсілдерінің бірі осы ауруға төзімді сорттар мен бидай үлгілерін шығару. Бұл ауру түріне төзімді сортттарды шығару үшін, жергілікті селекциядағы сорттар мен бидай үлгілеріне генетикалық талдау жүргізіп, Bt гендер шегін кеңейту қажет. Генетикалық құнды инструмент ретінде алынған Казахстанская 126 сортының моносомды линиялары донор сортының генетикалық табиғатын терең зерттеуге мүмкіндік берді. Бақылау буданының Ғ2 ұрпағындағы төзімді және төзімсіз өсімдіктердің қатынасы дигенді, оның ішінде - эпистазды гендердің әсрі арқылы тұқымқуалайтындығын көрсетті. Фактілік мәліметтерден алынған нәтижелердің теориялық күтілген дигенді (13:3) ажыраудан ауытқуы, донор сортының қатты қара күйеге беріктілігін анықтайтын негізгі гендердің 5А (2=12,44) және 2В (2=31,21) хромосомаларында, ал 1В мен 4D хромосомаларында негізгі гендердің қасиетін жоғарлатып және төмендетіп отыратын модификаторлы гендердің орналасқындығын дәлелдеді. Көкбидай сортының 2В және 5А хромосомаларында орналасқан негізгі гендер уақытша Bt16, Bt17 символдарымен белгіленді. Проанализированы гены устойчивости к фитофторозу у некоторых сортов мягкой пшеницы. Hard to the patient of blight, sort of bluewheat, educed patience, basic gender 5А (χ2=12,44) and 2В (χ2=31,21) in a chromosome, 1В (χ2=8,84**) and 4D (χ2=7,88**;) on chromosomes the basic quality of gender to promote or reduce modifier gender populated turned out. On 2В and chromosomes of 5А sort of bluewheat stationed oneself temporally marked by the symbols of Bt16, Bt17.Завантаження
Номер
Розділ
Экспериментальная биология. Биолог-кие осн. генофонда и развитие науч. исслед. в обл. селек-генетич. исслед. с/х культур
Як цитувати
Жұмсақ бидайдың қатты қара күйе ауруына төзімділігінің генетикасы. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 63(1), 93-98. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1009








