БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ ОРТА АҒЫСЫНДА POPULUS × CANESCENS (AITON) SM. ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb106120261

Ключові слова:

Populus × canescens, сұр теректі қауымдастықтар, биоморфологиялық талдау, хорологиялық талдау, Жайық өзені, Батыс Қазақстан облысы.

Анотація

Мақалада Батыс Қазақстан облысы аумағындағы Жайық өзенінің орта ағысында орналасқан cұр терек (Populus × canescens (Aiton) Sm.) популяцияларын кешенді ботаника-географиялық зерттеу нәтижелері келтірілген. Далалық бақылаулар, гербарий материалдары және флористикалық талдау негізінде сұр теректі қауымдастықтардың қазіргі жағдайы мен тұрақтылығы бағаланды.

Жайық өзенінің аңғарындағы жайылма - террасса алды учаскелерге негізінен шоғырланған түрдің сегіз популяциясы анықталды. Флористикалық талдау 37 тұқымдас,  83 туысқа жататын 103 түтікті өсімдік түрінің бар екенін көрсетті. Флораның биоморфологиялық құрылымында көпжылдық шөптесін поликарпиктер 64 % басым, сондай-ақ ағаш - бұталы түрлердің де үлесі елеулі 22,3 %.    
           Фитоценотикалық талдау нәтижесінде алты негізгі экологиялық топ айқындалды: орман, шалғын, дала, орманды - дала, шалғынды-батпақты және су - жағалаулы өсімдіктер, олардың ішінде орман 31 % және шалғын 25,2 % фитоценозы басым болды. 

Біографії авторів

  • автор Р.Қ. Анатолий, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Анатолий Райымбек Қайратұлы – (корреспондент автор) педагогика ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ботаника және агроэкология кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: anatoliy_raiymbek@live.kaznu.kz )

  • автор М.С. Курманбаева , афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Курманбаева Меруерт Сакеновна – биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің деканы, ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: kurmanbayevakz@gmail.com )

  • автор Т.Е. Дарбаева , афіліація М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақсан

    Дарбаева Талшен Есеномановна – доктор биологических наук, профессор факультета естественной географии Западно-Казахстанский университет имени Махамбета Утемисова (Уральск, Казахстан, e-mail: dtalshen@mail.ru).

  • автор A.Б. Альжанова , афіліація М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақсан

    Альжанова Багдагул Сактагановна – кандидат сельскохозяйственных наук, ассоциированный профессор, Западно-Казахстанский университет имени Махамбета Утемисова (Уральск, Казахстан, e-mail: aljanB@mail.ru).

  • автор Д.Э. Карабалаева , афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Карабалаева Дина Эзимхановна – техника және технология ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ботаника және агроэкология кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: dina.20.1996@mail.ru)

Завантаження

Опубліковано

2026-03-20

Як цитувати

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ ОРТА АҒЫСЫНДА POPULUS × CANESCENS (AITON) SM. ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. (2026). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 106(1), 4-20. https://doi.org/10.26577/bb106120261

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають