Табиғи полимерлер матрицасына пробиотиктерді микрокапсулдау

Автор(и)

Ключові слова:

микрокапсулдау, альгинат, пуллулан, хитозан, Lactоbacillus acidоphilus АА-1

Анотація

 Микрокапсулдау - арнайы материалдан құрылған микрокапсула қабығының ішіне биологиялық белсенді немесе функционалдық ингредиенттерді орау процессі. Пробиотиктерді микрокапсулдау - өнімді өндіру, сақтау және тұтыну процесінде пайда болатын стресстік әсерлерді болдырмауға мүмкіндік береді және мұндай "контейнерде" микроорганизмдердің өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Жұмыстың мақсаты пробиотиктердің тұрақтылығын, тіршілікке қабілеттілігі және ішекке тиімді жеткізуді арттыру үшін полисахаридті матрицаларға микрокапсулдау болып табылады.

Осы жұмыста пробиотикалық микрокапсуланың 3 түрі зерттелді: альгинат; альгинат-хитозан; альгинат-пуллулан. Капсуланы қалыптастыру процесі капсула-қаптамадан тұратын арнайы ерітіндіге қатаң белгіленген көлемдегі порциялармен ерекше дозалаушы құрылғы арқылы капсула-затпен аралас жасушалардың суспензиясын инжекциялау жолымен жүзеге асырылды. Әр түрлі стресстік жағдайларда бос және инкапсуляцияланған бактериялардың тіршілікке қабілеттілігі шекті өсіру және MRS-агарда себу әдісімен анықталды.

Микрокапсуланы алу кезінде пробиотикалық штаммның биомассасының және 1%-дық натрий альгинатының 1% - дық кальций хлоридінің ерітіндісінің тігу иондары ретінде 2%-дық натрий альгинатының арақатынасы оңтайлы болып табылады. Lactоbacillus acidоphilus АА-1 жасушаларын иммобилизациялау тиімділігі жабылмаған (альгинатты) және хитозанмен және пуллуланмен жабылған микрокапсулалар үшін тиісінше 96,35±1,65; 95,28±2,31 және 94,43±2,31 құрады. Микрокапсулалар сфералары ақ түсті, тегіс беті бөлшектерден тұрады. Микрокапсуланың өлшемдері 102-145 мкм.

Завантаження

Опубліковано

2021-01-31

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають