Оптимизацияланған қоректік ортадағы Komagataeibacter xylinus C-3 штаммы арқылы пайда болатын бактериалды целлюлозаның физико-химиялық қасиеттері

Авторлар

  • I. S. Savitskaya Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. S. Kistaubaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • D. H. Shokatayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • M. A. Abdulzhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

бактериалды целлюлоза, гель-пленка, Komagateibacter xylinus

Аңдатпа

Бактериялды целлюлоза (BC) - жоғары адсорбциялық қабілеті және механикалық беріктігі бар табиғи полимер. Өсімдік целлюлозасымен салыстырғанда, БЦ химиялық таза жасушадан тыс өнім. Оның ерекше қасиеттеріне байланысты медицина үшін перспективті материал болып табылады.

Медицина саласында БЦ өнімдерін пайдалану және зерттеу жұмыстары көптеген елдерде жүзеге асырылып отыр.  Дегенмен, Қазақстанда целлюлоза өндірісі әлі де жолға қойылмаған, оның себептерінің бірі БЦ өндіретін штаммдардың болмағандығында.

Осы мақсатта негізгі зерттеулер жолға қойылды, олардың мақсаты-бактериалды целлюлозаны бөліп алу және оның өсуіне және БЦ гель-қабықшасының биосинтезіне қолайлы жағдайларды жасау.

         С. Hestrin, М. Shramm орталарында «Эль-иксир» фирмасында алма қышқылынан, шай дақылынан бактериалды целлюлозаның штамм-продуценттері бөліп алынды. Қоректік ортаның оптимизациясы ретінде этанолдың және глюкозаның концентрациясы қарастырылды.  Штаммдардың өнімділігін БЦ массасын өлшей отырып анықталды.

Бөліп алынған штаммның дақылдық-морфологиялық қасиеттері «БИОЛАМ» лабороториялық микроскобы арқылы зерттелді. Штаммдардың биохимиялық идентификациясы үшін Vitek баканализаторы қолданылды. Штаммның түрі және бөгде микрофлорадан тазалығы 16S rRNA генінің нуклеотидтік реттілігі бойынша анықталды. Қабықшаның құрылымын электронды микроскопта анықтадық. БЦ-ның механикалық беріктігін «Instron» аппаратында тексердік.

Komagataeibacter xylinus С-3 жаңа бактериалды целлюлозасы бөлініп алынды. Оның өсу параметрлері мен өнімділігі көміртегісі бар қоректік орталарда анықталды. Штаммды беттік дақылдау жағдайлары таңдалып, қабықша тазалаудан өткізілді. Komagataeibacter xylinus С-3 штаммы үшін оптималды қоректік орта сыра суслосы бар қоректік орта танылды. БЦ-ның максималды шығымы оны 5 күн бойы 300С дақылдағанда көрсетті (7,11 г/л). Штамм KU598766 бойынша нөмірленген GenBank салынған.

Микроскопиялық зерттеулер алынған гель-қабықшаның құрылымы микрофибриллярлы жіпшелерден тұратынын анықтады. Оның механикалық беріктігі 17,01+0,5 МПа құрады.

Komagateibacter xylinus C-3 штаммымен беттік дақылдау барысында синтезделетін бактериалды целлюлоза өте берік нанокомпазициялық материалдарды биомедициналық және басқа да аймақтарда алуға мүмкіндік тұғызады.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-12-15

Журналдың саны

Бөлім

МИКРОБИОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары