Күнбағыстың инбредті линиялары коллекцияларының тұқымының өнімділік элементтері және сапалық қасиетттері бойынша сипаттамасы
Кілт сөздер:
күнбағыс, инбредті линиялар, тұқым, сапалық және сандық көрсеткіштерАңдатпа
Мақалада Шығыс Қазақстан облысындағы ЖШС «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығындағы» күнбағыстың 36 цитоплазматикалық аталық стерильді линиялары (А линиялар), 44стерильділікті бекіткіш –линиялар (Б линиялар), 43 тозаңқаптың фертильділігін қалпына келтіруші линиялары коллекцияларының (В линиялар) 1000 дән салмағы мен күнжарасының пайыздық құрамы, дәнінің толықтығы және майлылығы, дәндегі бос пролиннің құрамының зерттелгені туралы мәліметтер келтірілген. Күнбағыстың өнімділік элементтері мен сапалық көрсеткіштері бойынша мәліметтеріне кластерлік талдау әдісімен өңдеулер жүргізілді. Мәліметтер бойынша күнбағыстың будандар селекциясында пайдаланылатын тұқым көрсеткіштерінің мәліметтері базасы құрылды. Шаруашылық-құнды белгілерін қайнар көз ретінде пайдалануға болатын 29 линиялар бөлініп алынды. Дәндегі бос пролин құрамының талдауы бойынша олар 3 топқа бөлінді: дәндегі пролин деңгейі төмен (30 -50 мк/г дейін), орта деңгейдегі линиялар (51-80 мк/г дейін), жоғарыпролинді линиялар (81 мг/% және одан жоғары). Дәндегі бос пролин құрамы мен өсу мерзімінің ұзақтығының мәліметтері бойынша жасалған корреляциялық талдаулар әлсіз оң нәтижені көрсетті: А линияларының тобында r=0,28, Б линиясының тобында r=0,28 және В линияларының тобында едәуір оң нәтижені көрсетті (r=0,45).








