Репродуктивті саулық саласындағы студенттердің медико-генетикалық білімі

Авторлар

  • A. M. Kalimagambetov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • A. O. Orazbaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Кілт сөздер:

сауалнама, дұрыс жауап, студент, репродуктивті саулық, медициналық генетика.

Аңдатпа

Зерттеу жұмысында репродуктивті саулық саласындағы студенттердің медико-генетикалық білімінің деңгейі сауалнама арқылы анықталды. Сауалнамада белгілердің қарапайым тұқымқуалау механизмдеріне, адамның репродуктивті саулығына жағымсыз әсер ететін факторларына және жанұяда репродуктивті саулықты сақтау шараларына қатысты негізгі 20 сұрақтар қойылды. Сауалнама әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің әр түрлі мамандықтарда білім алатын 1 және 4 курс студенттер арасында өткізілді. Сауалнамаға қатысқан студенттердің жалпы саны 713 болды. Биология және биотехнология факультетіндегі 1 және  4 курс студенттердің дұрыс жауаптар деңгейі 54,5% және 64,6%, сәйкес, құрады. Химия және химиялық технологиялар; физика-техникалық; механика-математика; заң; тарих, археология және этнология; философия және саясаттану факультеттердегі 1 және  4 курс студенттердің дұрыс жауаптарының орташа деңгейі 39,3% және 42,4%, сәйкес, құрады. Биология және биотехнология факультетінің 1 және  4 курс студенттердің бір анкета бойынша дұрыс жауаптарының орташа жиілігі  10,86±0,45 және 12,92±0,37, сәйкес, болды. Элективті «Медициналық генетика» пәні оқылған «Биология» мамандығының 3 курстағы бір топ студенттердің орташа дұрыс жауаптарының жиілігі 14,62±0,65 құрады. Бұл нәтиже осы факультеттің 1 және 4 курс студенттердің дұрыс жауаптарының деңгейімен салыстырғанда айырмашылығы Манн-Уитнидің Uэмп критерийі бойынша сенімді болды. 1-ші мен 3-ші курстардың жауаптарын салыстырғанда Uэмп=112,5 (р<0,01) және 4-ші мен 3-ші курстардың жауаптарын салыстырғанда Uэмп=202,0 (р<0,05) құрады. Репродуктивті саулықты қалыптастыруда медико-генетикалық білім алудың тиімділігі өте зор.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары